Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3347 1 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 13:57

Қазақстанда вирустан 78 адам көз жұмды

Қазақстанда вирус жұқтырғандар мен вирустан көз жұмғандарға қатысты ақпарат жаңарды.  Кешеден бері бір күн ішінде 78 адам вирустан көз жұмып, 4889 адам вирус жұқтырған. 

20 шілде күнгі ақпаратқа сай вирустан ем алып жатқан халықтың саны 61627 адамды құрайды. Оның ішінде 18836 науқас стационарда, 42791 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1130 науқастың жағдайы ауыр,  244 науқастың жағдайы аса ауыр, ал 162 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына жалғанған.

Abai.kz

 

1 пікір