Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3442 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 13:01

Германиялық оқушы Ньютон шеше алмаған есепті шешті

Германияда 16 жасар жасөспірім өз бетімен бөлшектер динамикасының екі теориясының мәнін тапты. Осыған байланысты оны данышпандардың қатарына қосып отыр. Оқушы әлемнің үздік ғалымдары 350 жыл бойы бастарын қатырған есептің шешуін жария етті.

16 жасар жасөспірімніңҮндістаннан отбасымен Германияға көшіп келгеніне төрт жылдай болған, Шоурийя Рэй бөлшектер динамикасының екі фундаментальді теориясын өз бетімен шешуге қол жеткізген. Оны шешу үшін көрнекті ғалымдар күш салды, тіпті ең қуатты компьютерлерді пайдалану да нәтижеге жеткізе қоймады. Бұл есепті шешуді алдымен кезінде Исаак Ньютонның өзі қолға алған еді.

Шоурийя бұл есепті шешуде өзінің жеке қабілетін сынап көрмек болған көрінеді. «Мені қызығушылық жеңді, - деді жас данышпан. - Бастапқыда белгілі бір нәтижеге жетем деп ойлағам да жоқ». Осылайша, 16 жасар үндістің жаңалығы ғалымдардың бірден бірнеше ғылыми мәселелерді шешуіне мүмкіндік тудырып отыр. Атап айтқанда, енді мамандар доптың қабырғадан ыршып түсуінің нақты траекториясын айтып бере алады.

Айта кетейік, Шоурийя математикамен көптен бері айналысады, оның бұл салаға құмартушылығын туғызған инженер әкесі көрінеді.

Дереккөз: baq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606