Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3289 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:58

Ресейлік әнші МакSим қазақи дәстүрді үйреніп келеді

ТАРАЗ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Тараздың орталық стадионына жиналған көрермендер ресейлік шоу-бизнестің жас жұлдызы МакSимнің концертінің басталуын екі сағаттан астам уақыт тосты.

Бұл гастрольдердің ұйымдастырушысы Карим Берктің («Карим Берк продакшн» фирмасы, Алматы қаласы) айтуынша, концерттің кешігуі аппаратураның ақаулығымен байланысты болды.

Дегенмен, бірнеше мың жамбылдық уәде етілген шоудың басталуын сабырлықпен күтті.

Екі сағаттан кейін, сахнаға көрермендердің көңіл-күйін көтеруге тырысып-баққан жүргізушілер шықты. «Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша егер той сағат алтыға белгіленсе, тоғызда басталады - сондықтан концертімізді бір сағат ертерек бастаймыз...», - деп әзілдеді жүргізуші, Comedy clab.kz қатысушысы.

«Бұл көрермендерді сыйламаушылық. Билеттерге мұндай ақша ала тұрып, оны тиісті деңгейде өткізу керек деп ойлаймын. Концерттің ұйымдастырушылары жаман жұмыс істеді. Олар бұл провинция болғандықтан, адамдар танымал «жұлдыздардың» келуіне үйренбегендіктен, осылай істеуге болады деп ойлаған болар», - деп білдірді ашуын тараздық студент Динара Тілеубаева.

Қалай болғанда да, МакSимнің бір сағаттық концертін жамбылдық көрермендер жылу қабылдады.

0 пікір