Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
11338 29 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 13:20

Ресейден аулақ: Грузия, Молдова, Украина келісім жасасты

Күні кеше Грузияның Батуми қаласында тарихи маңызы бар конференция өтті. Конференцияға Грузия, Молдова және Украина басшылары мен Еуропалық Кеңес басшысы қатысты. «Аймақтық трансформация және ЕО-ның тартылыс күші» деп аталатын конференция барысында үш ел Батысқа бет алатынын нақты білдіріп, арнайы құжатқа қол қойды. 

Украина басшысы Зеленскийдің Грузияға сапары қарсаңында Грузия тарапы қамауда болған екі украин теңізшісін босатты. Теңізшілерді 2020 жылдың қарашасында Грузия тарапы шекараны бұзды деп тұтқындаған болатын. Зеленский теңізшілердің босатылуын жылы қабылдап, «әріптестікке жасаған нақты қадам» деп атады. Зеленскийдің ұшағы теңізшілер босағаны жайлы хабарлама келген соң, Грузияға беталды. Зеленский Грузияға келе сала, Ресей тарапы оккупациялап алған Абхазия аймағын бақылау мақсатында аталмыш ауданға аттанып кетті.

Абхазия аумағын Абастумани бақылау бекеті арқылы қараған Зеленский Ресейдің агрессиясына бірлесе күресуге шақырды.

«Ресейдің Абхазияда әскер саны артуда, адам құқығы тапталып жатыр», - деді Зеленский.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельмен конференция алдында кездесу ұйымдастырды.

«Бүгін Грузия үшін өте маңызды күн. Өйткені біз еуропалық болашақ жайлы талқылаймыз. Еуропалық Кеңес басшысының бұған қатысып жатқанына алғыс білдіремін. Грузияға ЕО кірген сайын Грузиянің дамуы жылдамдап, кедергілерге қарамастан иалға жылжитын болады», – деп жазды Зурабишвили өзінің Twitter парақшасына.

Изображение

Батуми конференциясына Грузия мен Украина басшысынан бөлек, Молдова президенті де келді. 11 шілде күні Молдовада парламенттік сайлау өтіп, онда Еуропамен әріптестікті жақтайтын күштер жеңіске жеткен болатын. Сайлауға 20 партия қатысты. «Коммунистер мен социалистер» атты блокқа Майя Сандудың «Әрекет және келісім» партиясы қарсы тұрды. Осылайша Санду жақтастары басымдықпен жеңіске жетіп, Ресейді жақтайтын күштер күйрей жеңілген еді.  Міне, сол жеңістен кейін Санду Грузияға келіп, «Грузияның Еуропалық жолы» атты басқосуға қатысты.

Президент: Безопасность в Черноморском регионе должна стать приоритетом мирового сообщества, и важным инструментом для этого может быть Крымская платформа

Конференцияда үш ел басшылары ортақ «Батуми келісімін» жасасты. Онда былай деп жазылған:

«Біз ЕО-ға интеграциялану жолындағы шешіміміздің нақты екенін растай отырып, еуропалық стандарттарға сай заңымызды, демократиялық институттарымызды реформалауды жалғастыратынымызды мәлімдейміз. Біз нақты және түбегейлі нәтижеге қол жеткізгенге дейін осы бағытты ұстанамыз. 

Үш әріптес елге еуропалық құндылықтарды ұсыну даму мен өркендеуге үлкен стимул болмақ. Біз ЕО-мен келісім бойынша жасасқан келісімшарттың 49 бабына сәйкес Грузия, Молдова және Украина Еуропа елдері бола отырып, ЕО-ға мүшелікке ұсыныс тастай алатынын растаймыз. 

ЕО-ның Украина, Молдова, Грузия аймақтарын халықаралық заң шеңберінде мойындап, аумақтық тұтастықты сақтауға жасап жатқан әрекеті үшін алғыс білдіреміз.  Біз ЕО мен әріптестікті арттырып, гибридті қауіптерге қарсы күресте көмектесуге дайынбыз. Ресейдің Грузия аймағын заңсыз басып алуы мен Украина шығысында соғыс бастауы, Қырымның уақытша оккупациясы мен Молдовадағы Приднестровье мәселесінің шешілмеуі Еуропа елдері үшін қауіп төндіріп отыр», - делінген құжатта.

Яғни құжат бойынша біз Ресейдің жабайы жаулаушылық әрекетіне қарсы күресетін тағы бір платформаның пайда болғанын көріп отырмыз.

Кездесуден кейін Украина басшысы Зеленскйи:

«Менің халқым еуропалық стандарттармен өмір сүруге лайықты», - деді. Әлеуметтік жағдайы жақсы Еуропа елдерінің өмір сүру деңгейін меңзеп отырғаны анық.

Ка Мырза

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515