Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 8502 2 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 16:22

Президент: Қатаң жазалауды тапсырамын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Кеңес барысында президент вакцинация паспортын қолдан жасап алғандар жайлы да айтты. 

"Вакцинация паспортын қолдан жасап алғандарды қатаң жазалауды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтерген едім. Әңгіме мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан болып отыр", - деді ол.

Президент ІІМ тарапынан да арнайы ведомствоаралық комиссия құрып, халықтың ойын ескеріп отыруды тапсырды.

Abai.kz

2 пікір