Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 5126 12 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 16:03

Тоқаев: Жағдай өте күрделі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Бұл туралы tengrinews.kzке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

"Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі", - деді Тоқаев кеңесте.

Мемлекет басшысы өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта екенін, ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп бара жатқанын айтты.

"Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет", - деді Президент.

Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысып отыр.

Abai.kz

12 пікір