Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3132 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:42

Баспасөз баяны

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Динамо - Қазақстан бүлдіршіндеріне" атты мерекелік шарасы

Қазақстан Республикасы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы»  Алматы қаласы Ішкі Істер Департаментімен біріге отырып, 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі «Динамо Қазақстанның бүлдіршіндеріне...» атты мерекелік шарасын өткізеді.

Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат - болашақ жастарымыз бен жасөспірімдерімізге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету. Сондай-ақ нашақорлыққа жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу.

Қайырымдылық шарасына Алматы қалалық және Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, 5571 әскери бөлімшесі қызметкерлерінің, ауған соғысының ардагерлерінің, қаза тапқан ішкі істер органдарының балалары және жағдайы төмен отбасыдан шыққан жеткіншектер қатысады.

Шара барысында түрлі спорттық ойындар ойнатылып, жас әншілердің орындауында әндер шырқалады. Сонымен қатар спорттық ойындардың жеңімпаздарына сыйлықтар табысталатын болады.

Аталған қайырымдылық шарасына 250-ден аса жеткіншек қатысады деп күтілуде.

Құрметті БАҚ өкілдері, салауатты өмір салтын бірге насихаттап, осынау игі іске ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді өтінеміз.

Шараның өткізілетін орны: Алматы қаласы,  «Динамо» стадионы, Наурызбай батыр көшесі 89.

Өткізілетін күні: 31 мамыр 2012 жыл, басталуы сағат 10:00.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Қазақстанда 1925 жылы құрылған. Содан бері бұл қоғам кәсіби спортшылармен қатар, спорт жанкүйерлерін де өз айналасына жинады.

Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының басты бағыты - ішкі істер, құқық қорғау органдары, кеден және ішкі әскерлер қызметтері қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы дайындықтарын дамыту және жетілдіруге жәрдемдесу.

«Динамо» ДШСҚ

Баспасөз хатшысы Әділет Мұсахаев

Тел.: 267-46-92

8707 830 77 21

0 пікір