Сенбі, 20 Сәуір 2024
3619 5 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 16:55

Қазақстанда салықты көп және аз төлейтін аймақтар

Алты айда Қазақстан қазынасына 8,2 трлн теңге салық түсті. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 7,3 триллион теңге, ал Ұлттық қорға - 926,2 миллиард теңге түскен.

Әдеттегідей салықтың басым бөлігі Алматыдан келіп түскен, ол 1,9 трлн теңгені құрайды. Екінші орынды 1,3 трлн теңге төлеген Атырау облысы алса, үздік үштікті елорда аяқтайды. Кәсіпорындар мен Нұр-Сұлтан тұрғындары Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджетті 939,4 млрд теңгеге толтырған.

Алматы облысы - 509,8 миллиард теңгеге, Қарағанды ​​облысы - 432,6 миллиард теңгеге, Маңғыстау облысы - 423,3 миллиард теңгеге, БҚО - 390,6 миллиард теңге, Шығыс Қазақстан облысы - 287,9 миллиард теңге салық төледі.

Павлодар облысынан Ұлттық қорға және мемлекеттік бюджетке 281,7 миллиард теңге, Ақтөбе облысынан - 274,4 миллиард теңге, Түркістан облысынан - 212,6 миллиард теңге, Қостанай облысынан - 192,6 миллиард теңге, Шымкенттен - 192,4 миллиард теңге түскен.

Ең аз салықты Қызылорда облысы - 140 миллиард теңге, Жамбыл облысы - 104,1 миллиард теңге және Солтүстік Қазақстан облысы - 86,3 миллиард теңге төледі.

Abai.kz

 

5 пікір