Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2714 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 12:10

Павлодар облысы Нұрарқа облысы бола ма?

Қазақстан Республикасы Саяси қуғын-сүр­гінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Ж.Ашуев және қауымдастықтың төралқа мүшелері Қ.Құсайынов, Р.Сейфуллина, С.Жансүгіров, Ж.Тасқынбаева, Х.Мо­канчи, Г.Цой ҚР Парламенті Мәжілісіне, ҚР Президенті Аппара­тының басшысына, ҚР Премьер-министріне, «Нұр Отан» ХДП-сына, Қазақстан халқы Ас­самблеясына, Павлодар облысының әкіміне Ашық хат жолдады.
Хат мәтінінде былай делінген:

«...Біздің жас мемлекетіміздің тарихында, әлі де болса, кешегі отарлық, тоталитарлық жүйелердің іздері сақталып келеді. Солардан арылу бодандық психологиядан тазару деп түсінеміз және де бұл жасампаздық жолында, еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқаратын саяси-идеологиялық іс деп білеміз. Сон­дықтан кешегі патшалық империядан, кеңестік әпербақандықтан қалған жер, су, елді мекендердің атауларын бүгінгі тарихымызға сай өзгерту өзекті мәселе екендігі дау туғызбауы керек. Осыған орай, біз Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығы атынан Павлодар қаласының атауын Нұркент қаласы, ал Сарыарқа атырабының кіндігі болған Павлодар облысын Нұрарқа облысы деп өзгертуді ұсынамыз. Отарлық езгіден қалған Павлодар атауын бүгінгі Қазақстан халқының мақтанышына айналып отырған, бүкіләлемге әйгілі кемеңгер саясаткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту елінің көсеміне деген сыйы болуымен қатар, көпұлтты Қазақстан халқын бірлік пен ынтымаққа, тұрақтылық пен эволюциялық даму жолына жұмылдыратын нышан болары хақ!
ҚР Президентінің 31 мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп бекіткен Жарлығының 15 жылдығына орай көтеріліп отырған біздің бұл ұсынысы­мыз Сіздер тарапынан да қолдау тауып, жүзеге асады деген зор сенімімізді жолдаймыз! »

«Ана тілі» газеті

0 пікір