Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 3009 1 пікір 8 Шілде, 2021 сағат 13:17

Біртанов пен Әбішев ісі: Тергеу аяқталды...

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. 

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп, күдікке ілінген.

«Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.

Бүгінгі таңда платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн долларды немесе 1,5 млрд теңгені құрайды»,- делінген агенттік мәліметінде.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп, айыпталуда.

«Ағымдағы жылғы 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды», - дейді агенттік.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580