Сенбі, 20 Сәуір 2024
Өзгелер 4698 1 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 16:13

Ресейлік тарихшы: Шешенстан - Ресей емес!

Ресей аумағынан тыс өмір сүретін ресейлік тарихшы және публицист Марк Солонин «Шешенстан іс жүзінде Ресей емес», деп санайды. Бұл туралы ол «Украинская правда» басылымына 22 маусымда жарияланған сұхбатында айтқан екен.  

«Бұл Кремльдің, қауіпсіздік қызметкерлерінің, жергілікті шешен басшыларының бірлескен күшімен құрылған қорқынышты қылмыстық анклав. Шешенстанда Ресейдің қандай заңдары ықпалды? Шешенстанға Ресейлік полицейлерді жіберуге болмайды», - дейді Солонин.

Шешен Республикасы - Ресей Федерациясының субъектісі. 1993 жылдың қаңтарында Шешен-Ингуш Автономиялық Кеңестік Республикасы бөлінгеннен кейін құрылған. Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров.

Солонин 1958 жылы Куйбышев қаласында (қазіргі Самара) дүниеге келген. Куйбышев Авиациялық институтының авиациялық инженерия факультетін бітірген. Біраз уақыт ол авиациялық бюроның конструкторы болып жұмыс істеді. 1990 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты.

Солонин тарихқа 1980 жылдары қызығушылық таныта бастаған адам. Екінші Дүниежүзілік соғыс тақырыбын зерттейді. Оның көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде, Украинада, Эстонияда, Литвада, Польшада, Чехияда, Румынияда, Болгарияда және Германияда жеті кітабы жарық көрген.

Солонин көбіне тарихи процестерге балама көзқарас ұсынады. Онысы Ресейдің ресми ұстанымымен сәйкесе бермейді. Ол өз еңбектерінде мұрағатта жинақталған құпиясыздандырылған құжаттарға сүйенеді. Қазір Солонин Эстонияда (2016 жылдан бері) тұрады.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

1 пікір