Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 10047 19 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 15:11

«Моңғол» сөзі қайдан шыққан?

Қарақыпшақ Қобыланды жырында «Қырық мың үйлі Қият» жыры кездесетін. Ол кезде оған кім көңіл аударған?! «Қырық мың үйлі Қияттан» Шыңғыс ханның шыққанын кім білген?! Бірақ мен оқыған сол жырларда Моңғол екені айтылмайтын. «Моңғол» деген сөз де кездеспейтін.

Сондағы «Қырық мың үйлі Қият» қазақтың Керей, Найман, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Уақ, тағы басқа толып жатқан тайпа-рулары сияқты айтылатын және оқылатын. Біз солай түсініп өстік және кішкентай кезімізден олар қазақ деген ой-пікір қалыптастырдық.

Ол кезеңде қыпшақ-қазақтың әр тайпасында, тіпті руында хан сайлана беретін. Бұл қоғам санасының соншалықты дами қоймаған, феодалдық кезеңі емес пе?.. Сонда қыпшақ-қазақ тайпалары (басқа түркі жұрты: өзбек, түрік, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз, тағы басқалар бұл аймақта тіршілік кешпеген) тілі, дәстүрі бір болғанымен, жаз жайлауы, қыс қыстауы бөлек болғандықтан әрі арақашықтығы да біраз жерді алатындықтан, малын бөліп әкетісіп, біріне-бірі жауша қарайтын. Бірақ түптеп келгенде бәрі біртұтас халық болатын. Сондықтан Шыңғыс ханға қыпшақ-қазақ ханының түп атасы және әлемге аты шыққан ең ұлы қайраткері деп қарағанымыз жөн-ау.

Орыстың Александр Соловьев атты зерттеуші-терминолог әрі жазушысы өзінің «Речь терминов» деген кітабында былай дейді: «Так как народ Монголов нет, есть народ проживающий Халхинский Бурят, но есть в мире распространенный термин «Монгол». Термин «Мон - голл» - является китайским словом». Сонымен қатар, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.Федоровтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» деген зерттеу кітабында былай делінеді: (93-бет, 1997 жыл) «В современной Монголии, хотя они  называют себя  монголами, фактически  они принадлежат народам Бурятии. Когда-то русские  установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные. У них общие  традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население  очень малочисленно. Слово «Мон – голл»  является  китайским словом. В переводе  как «скотники». Бурят – монголы не могли  выступать против других государств, таких как великий Китай и других империй. Поэтому буряты в данное время (монголы) не в состоянии были тогда образовать мировую державу, так как они были очень малочисленны. А Чингис хан и подчиняющиеся ему  роды, племена были только кипчаками. Они говорили на кипчакском языке (древнеказахском языке)», - деп көрсетеді. Мысалы,  Шығыстағы ұлы көршіміз «Қытай» деген жібек матаның атымен аталады. Бірақ осыған қарамай, олар өздерін «хандықтармыз» немесе «хансулармыз» дейді. Кезінде Ұлы Жібек жолымен түрлі-түсті маталар Еуропаға дейін жеткен. Матаға қызыққан ел, осы матаны өндіретін елді «Қытайды» - (матаны айтқаны)  шығарушы ел»  деп атап кеткен. Өздерін «ұлы хань еліміз», «хансулармыз» деп жүрген жұртқа «қытай» сөзі жабысты да қалды. Тарихта матаның атымен Қытай елі болып аталды. Қорсынған да жоқ, намыстанған да жоқ, ақыры осы сөзді мойындап, өздеріне қабылдап алды.

Бартольдтың зерттеу томдарын аударыстырып отырсаң, осыдан мың жыл бұрын буряттар 2-3 мың ғана түтін екен. Түбіттей ғана аз ел империя тұрмақ, хандық құра ала ма?  Олардың тарихын аударыстырып көрсек, хан көтеру дәстүрі жоқ екен. Сонда, Буддаға табынатын жұрт өздерін түркілер деп сендірмек болады.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан  Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610