Сенбі, 20 Сәуір 2024
3510 0 пікір 18 Маусым, 2021 сағат 12:25

Cолтүстік Корея гуманитарлық көмек көрсетті

Солтүстік Корея БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету жобасы аясында Мьянма халқына көмек көрсетті. Көрсетілген көмек көлемі 300 мың доллар. Бұл туралы Гуманитарлық мәселелерді реттеу бойынша бағыттау басқармасының ақпаратына сүйене отырып Yonhap News хабарлады. 

Мьянмаға Оңтүстік Корея елі де көмек көрсеткен Сеул 600 мың доллар жіберген. Жалпы Мьянма халқына әлем елдері тарапынан көмек ретінде жиналған қаржы көлемі 51,16 млн долларды құрап отыр.

Солтүстік Корея соңғы рет 2010 жылы гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Мьянма мен Солтүстік Корея арасында әріптестік байланыс жақсы, бұл Пхеньянға есігін ашқан аз елдің бірі.

Abai.kz

 

 

0 пікір