Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3088 5 пікір 17 Маусым, 2021 сағат 18:04

Әзербайжанда Түркия базасы пайда болмақ

Түркия басшысы Тайып Ердоған Әзербайжан жерінде Түркияның әскери базасы пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы ол 17 маусымда Баку қаласындағы сапарында мәлімдеді. 

"Түрік әскери базасын құру жасалған келісім аясынан шықпайды. Бұл сұрақты ары қарай жылжыту мүмкіндігі бар. Аталмыш мәселені Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу барысында да қозғауы мүмкін. Біздің кездесулерімізде де оны қарастыру мүмкіндігі бар", — деді ол.

15-маусымда Ердоған мен Әлиев Әзербайжанның Шуша қаласында "Шуша декларациясына" қол қойып, екі жақты келісім жасасқан болатын. Онда екі елдің біреуіне соғыс ашылса дереу әскери көмек көрсету мәселесі де қарастырылған.

Abai.kz

5 пікір