Сенбі, 20 Сәуір 2024
3067 1 пікір 17 Маусым, 2021 сағат 17:41

Қазақстанда 50 педофил бостандыққа шығарылды

Жыл басынан бастап 50 педофил бостандыққа шығарылған. 2021 жылы жас өспірімдерге жасалған қылмыстар саны үш есеге артқан. 

Депутат Бақытбек Смағұл БАҚ-қа сілтеме жасап осы жылдың аяғына дейін 32 педофил босатылатынын айтты. Алайда ресми мәлімет бойынша жыл басынан бастап балаларға жыныстық қылмыс жасаған 50 адам босатылған. Ад қазіргі таңда еліміздің колонияларында 1861 педофил жазасын өтеп жатыр. Бостандыққа шығарылған 50 педофилдің қаншасына химиялық кастрация жасалғаны белгісіз.

Соңғы бес жыл ішінде 3893 балаларға қатысты жыныстық негіздегі қылмыс жасалған. 2016-2020 жылдар аралығында балаларға жасалған зорлық саны 45,8%-ға артқан. Мамандар Қазақстан аталмыш қылмыс түрімен күресті ескі әдіс бойынша жүргізіп жатқанын айтуда.

Abai.kz

 

1 пікір