Жұма, 19 Сәуір 2024
2693 1 пікір 17 Маусым, 2021 сағат 16:15

Таласбек Әсемқұлов атындағы күйшілер байқауы өтеді

Күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында күйшінің жары Зира Наурзбаева және «Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі күйшілер байқауын ұйымдастырады.

Жас шектеуі жоқ. Конкурсанттар келесі талаптар бойынша бағаланады:

- Таласбек Әсемқұловтың репертуарынан күй шерту (Т. Әсемқұловтың нұсқасымен)

- Дәстүрлі орындауға (оң қол мен сол қол) мейлінше жақындау

Байқау онлайн форматта өтіп, бір кезеңнен тұрады. Қатысушы төмендегі талап бойынша үш күй орындау қажет:

1-күй  - Кетбұғы, Қотан тайшы, Сақбике, Қызылмойын Қуандық, Байжігіт, Сары Нияз төре, Қасабай

2-күй – Тәттімбет, Ақай қажы

3-күй - Т. Әсемқұлов, Ж. Стамбаев авторлық күйлері

Күйлердің аудио жазбаларын «Талтүс» жинағынан немесе телеграм каналдағы «Талтүс» каналынан (taltus2021) алуға болады. Сондай-ақ, күйлерді http://otuken.kz/topics/talasbek/music/ , ютюбтан «otukenkz», «Әсем ән, тәтті күй» арналардан тындауға болады

Байқау өткізу уақыты: жариялаған күннен бастап 2021 жылдың 20-қыркүйегіне дейін. Осы аралықта үміткерлер өздерінің Инстаграм я Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021 хэштегімен күйлерді бір видеомен салуы тиіс.

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталып, «Домбыра» Ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Байланыс телефоны: +7 705 506 92 64

Abai.kz

1 пікір