Жұма, 29 Наурыз 2024
3176 0 пікір 16 Маусым, 2021 сағат 14:05

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот болды

Петропавл халықаралық әуежайының еңбекақы бойынша қарызы 27,3 млн теңгеге жетіп, банкрот деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 28 желтоқсанында әуежай мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен банкрот деп танылды.

Биыл 13 сәуірде сот үкімі заңды күшіне енді.

«Бүгінде Петропавл халықаралық әуежайын облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізу рәсімі жүргізіліп жатыр. СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №125 бұйрығымен банкроттықты басқарушы тағайындалды. Банкроттықты басқарушы тағайындалуымен кәсіпорынның кейбір мүлкіне бағалау жүргізіліп, 44 млн теңге сомасында болжамды құны белгіленді. Облыс мәслихатының шешімімен сонша ақша бөлінді. Бұл қаражат әуежай жұмысшыларының еңбекақы бойынша қарызын жабуға жұмсалады», – дейді Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев.

Еңбекақы бойынша қарыз мәселесі бұрыннан бар. СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың көмегімен өткен жылдың қазан айынан бері 8 транш жүргізіліп, қарыздың 44 154 251 теңге сомасы өтелген. Қазір әуежайдың 109 жұмысшысының қарызы 27,3 млн теңгеге жеткен.

«Біз көлік кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуына үнемі мониторинг жүргіземіз. Әуежайдың ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жұмысшыларға әуежайдың қаржылық жағдайы, нысанның әкімдіктің коммуналдық меншігіне өтетіні түсіндірілді. Қазіргі уақытта әуежайдың азаматтарға қызмет көрсетуі тоқтатылуына байланысты шағымдар мен арыздар жоқ. Әлеуметтік жағдай бірқалыпты», – дейді Абылайбек Ордабаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535