Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 5958 3 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:31

Тоқаевтың тапсырмасы: Екі әкім қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Соған байланысты Тоқаев тексеру жүргізуді тапсырған болатын.

"Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі кемшіліктерді жою жұмысымен айналысып жатыр. Бұл бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімі қызметінен босатылды", - деді Берік Уәли Facebook-те.

Abai.kz

3 пікір