Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3643 3 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 12:49

Қытай Қазақстанның жүгін қабылдамай жатыр

Қытайдың Қазақстаннан барған жүкті қабылдамауына байланысты автокөлік иелері мен экспорттаушылар үлкен шығынға батты. Бұл туралы LS мәлімдеді. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» бас директоры Владимир Петров 11 маусымнан 20 маусымға дейін Достық станциясы (Қытай) бағытында контейнерлердегі жүктерден басқа барлық жүктерді тасымалдауға тыйым салынғанын айтты.

Оның айтуынша, қатаң антиковидтік шараларға байланысты ҚХР жүктелген вагондарды уақытында қабылдамайды. Қазіргі уақытта халықаралық түйіндерде 180-ден астам жүк пойыздарының қозғалысы тоқтатылған. Бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетін төмендетеді.

Сондай-ақ, ол тыйым салу кезінде ҚТЖ қараусыз қалған пойыздарды Қытай жағына беруді жоспарлап отырғанын қосты.

Сонымен бірге, КазАПО-ның бас директоры Салтанат Адамбаева шекараға жақындаған вагондардың кешігуі көлік иелерінің қалталарына тиетіндігін атап өтті.

«Біз үлкен шығынға ұшыраймыз. Вагондардың маршрут бойынша кешігуін болдырмау үшін шектеу шараларын енгізу мәселесін шешіп, айыппұлдарды қарастыруымыз керек», - деді ол.

Өз кезегінде, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі тасымалдаушыға маршрут бойында пойыздардың кешігуін болдырмау үшін қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, жүк тиелген вагондарды қабылдау бойынша Қытаймен жұмысты күшейту және баламалы тасымалдау нұсқаларын, соның ішінде контейнерлік тасымалдауға көшуді қарастыру қажеттігі айтылды.

Abai.kz

3 пікір