Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3463 1 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 12:09

Сот Жанболат Мамайдың фильмін өшіруді міндеттеді

Алматы соты қаланың бұрынғы әкімі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің саясаткер Жанболат Мамайға қарсы шағымын қанағаттандырды.

«Сот шешімі бойынша: Байбек Бауыржан Қадырғалиұлының Мамай Жанболат пен Иманбаева Ингаға қатысты ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау туралы талап арызы қанағаттандырылсын», - деді судья Райхан Сартаева.

Ол Жанболат Мамай мен Инга Иманбай түсірген фильм және әлеуметтік желілердегі жазбалар «Байбек Бауыржан Қадыралиұлының абыройын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін түсіреді әрі шындыққа жанаспайды» деп таныды.

Сонымен қатар, судья Ж.Мамай мен И.Иманбайды бұл ақпаратты жоққа шығаруға және орналастырылған материалдарды әлеуметтік желілерден және бейнехостингтен 10 күн ішінде алып тастауға міндеттеді.

Бұған дейін адвокат Айжан Тәшенова Б.Байбектің мүддесін қорғап, Алматы қаласы Әуезов ауданының No2 аудандық сотына арыз түсірген. Ал, Инга Иманбай сот ісіне түсініктеме беріп, өлуге дайын екенін, бірақ сөзінен бас тартпайтынын баса айтқан.

Және, Ж.Мамай мен И. Иманбай Байбектен сотқа оның жеке қатысуын талап етті. Ал, 3 маусым күні Жанболат Мамай экс-әкімнің қарындасы Айгүл Байбектің дәл сондай фильм түсіру үшін жалпы сомасы 425 миллионға екі мемлекеттік келісімшарт алғанын мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір