Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2835 0 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 11:42

НАТО: Басты қатер - Ресейдің агрессивті әрекеттері

14-маусым күні Брюссельде НАТО одақтастары басшыларының 31-ші саммиті ашылды. Дәстүр бойынша, саммит арақашықтық сақтау арқылы «отбасылық» суретке түсуден басталды.

Ал, Саммиттің күн тәртібі бойынша:

- Альянсты нығайту бойынша НАТО-ның 2030 Стратегиялық жоспарын бекіту;

- Одақ Ресейдің агрессивті мінез-құлқын, терроризмін, киберқауіптерін, қауіпті технологияларын, Қытайдың күшейіп келе жатқан ықпалы мен климаттың өзгеру салдарын қоса алғанда, сын-қатерлерге жауап беруге дайындығын қамтамасыз ету;

- НАТО әскери контингенті шыққаннан кейін Ауғанстанға саяси қолдау көрсетуді жалғастыру сынды мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Джо Байден Брюссельдегі саммитті Ресей мен Қытайға бағытталған қатаң мәлімдемелермен қорытындылады. НАТО саммитінде Ресей туралы 63 рет айтылған. Ал, альянс мүшелері «Ресейдің агрессивті әрекеттерін» бірінші қатер ретінде қарастырады. Қорытындыға сай, Қытай мен Ресей «ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке қатер төндіруші ел» деп аталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505