Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 4066 4 пікір 11 Маусым, 2021 сағат 22:00

Тележурналист Президенттің екі жылдық жұмысына шолу жасады

«Ескі проблемалардың жаңа шешімін ұсынған Президент». Асылбек Абдулов «Президент Тоқаевтың жаңа бағдары» атты фильмінде Мемлекет басшысының жекі жылдық жұмысына осындай баға береді.

«Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді қысылтаяң жағдайда басқара отырып, екі жыл ішінде қатал сынақтан өтті. Мұндай оқиғалар мен драмаға толы екі жыл қалыпты төрт жылға тең еді», - дейді журналист.

Фильмнің басым бөлігі елде билік транзиті болып жатқан кезде тіркелген тосын оқиғаларды сипаттауға арналған.

«Қазақстанның жаңа Президенті сайлаудағы сенімді жеңістің қуанышын сезініп үлгермей жатып, әлеуметтік-саяси сын-тегеуріндерге тап болды. «2019 жылдың маусым айының соңында болған Теңіз» мұнай кен орнындағы еңбек қақтығысы бірлескен кәсіпорындағы шетелдік және жергілікті мамандардың әртүрлі еңбек жағдайында жұмыс істегенінен, әділетсіз еңбек төлемінен туындады. Қасым-Жомарт Тоқаев ескі проблемаларды шешудің жаңа жолдарын ұсынды», - деп еске алады фильм авторы.

Расымен, сол оқиғадан кейін шетелдік еңбек мигранттарына берілетін квота саны 40 пайызға азайтылған болатын.

Фильмде Мемлекет басшысының Арыс қаласына барып, жергілікті тұрғындармен әңгімелескен сәттері де берілген.

«Қазақстанның жаңа Президенті үшін 2019 жылғы маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймалардағы оқ-дәрілердің жарылысы жалынды сынақ болды. Бұл он жылдағы төртінші жағдай еді», - делінген филмьде.

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы шиеленісті оқиғалар да автордың назарынан тыс қалмаған.

«Сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президенттік күн тәртібіне бірден еніп кете алмады. Сынақтар бірінен соң бірі шығып жатты. Сөйтіп жүріп күн тәртібіне коронавирус пандемиясы шықты. Көптеген жобалар артта қалды. Президент Тоқаевтың алдында қазақстандықтарды COVID-19-дан, ал мемлекетті экономикалық дағдарыстан құтқару және сақтау міндеті тұрды», - дейді Асылбек Абдулов.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов, Айсұлтан Сейітов, Нұрлан Сабуров сияқты және дарынды жас қазақстандықтарға сырттай демеу болып жүргенін атайды.

«Коронавирус пандемиясы Қазақстанға билік ауысып болып, саяси реформалар күн тәртібіне шыққан кезде келді. Бірақ пандемия мұндай маңызды іске кедергі болған жоқ. Президент Тоқаев айтқандай, ауқымды саяси реформалар жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді дағдарыс менеджері мен реформатордың қасиеттерін сәтті үйлестіріп келеді», - деп түйіндеді Асылбек Абдулов.

Abai.kz

4 пікір