Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4457 5 пікір 11 Маусым, 2021 сағат 14:48

Экономика министрі бізде бар ма өзі?

Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар тамақты сатып алу үшін кредит алып жатыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке батып қалды.

Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ.

Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас.

Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар едім. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы...

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz

5 пікір