Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әліпби 5689 20 пікір 11 Маусым, 2021 сағат 13:06

Әліпби жасаушы комиссия назарына...

Құрметті Латын әліпбиін жасап жатқан комиссия мүшелеріне пікірімізді айтуды жөн көрдік...

21 қараша, 2019 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов мырзаның «Төл әліпбиіміз төрге шықсын десек…», атты мақаласында әліпбиіміздің кемшілігі дұрыс көрсетілген екен. Алғысымызды ерекше айтамыз...

Біздің және басқа көптеген азаматтардың сын мақаласын Қазақстанның газеттері жарыққа шығармай жүр еді. Мәжіліс депутатының мақаласы шыққаны бізді қатты қуантты. Жоғарыдан нұсқауды қатаң бергені көрініп тұр. Қаншама нашар, не деген сорақы болса да Елбасы бекіткен қазақ латынша әліпбиге сын айттырмай жүрген еді.

2013 жылдың 31 қаңтарында «Қазақ үні» газетінде латын әліпбиі жарияланып, көптің көңілінен шыққан еді. Ол төмендегідей:

Осы таблицадағы латынша қазақ әліпбиі көңілімізге қонып, қуанып қалған едік. Біз сонда тек, «Хх Кс көп қолданылмайды, оның орнына көп қолданылатын Ээ Ээ әрпін қою керек», - деп айтқан едік...

Бірнеше жыл елді шулатып, қаншама қаражат бөліп жасаған сорақы әліпбиді Президент қалайша бекіткені жұмбақ... Әлдекім латынша әліпбиді қолдануға қарсы екені айтпай-ақ, түсінікті. Ал енді Елбасы бекіткен латын әліпбиін көргенде қатты шошып қалдық. Ең көп қолданылатын Сс әріпінің болмауы, қосарланған әріптер және ең сорақысы кейбір дауысты дыбыстардың (Ii Yy Uu) бұрмаланып берілгені төбемізден жай түскендей әсер етті. Латынша әліпбиімізді жасаушылар халықты текке шулатып, ақырында қолданысқа кіргізбеудің айласын жасап жатыр – деп жаман ойға батуға мәжбүр болдық...

Соңғы күндері ұлттық әліпбиімізді жасаушы комиссия кішкене өзгерістер кіргізіп, игілікті іс жасапты. Алайда толық тәртіпке келіп, қолданысқа оңай болу үшін бұл өзгеріс пен талпыныс аздық етеді

Латынның 3-ші әріпі Сс дыбысын түгелдей алып тастау қазақ еліне жасалған  қиянат еді. Себебі ол барлық матеметика мен физика пәндерінде кеңінен қолданылатын АВС белгілерінен ұрпағымызды аулақ ұстау үшін жасалған кереғар ұсыныс деп түсінемін. Қазақ балаларын миғұла етудің кезекті әдісінің бірі деп ойлаймын. Комиссия сол Сс әріпін Чч дыбысын беретін етіп қайтарыпты. Бұл дұрыс болған. Алайда сол Сс әріпін Цц деп қайтарып, үшінші орынға қойса нұр үстіне нұр болар еді. Ал Чч үшін құйрық қойса да жетер еді.

Қазақтың кирилицадағы Әә, Өө әріптерін сол күйінде қалдыру керек. Себебі Әә әріпінің түбірі латынның Аа әріпі. Демек славяндардың кириллицасы да, және орыстікі де емес. Оның құйрығы алынып Әә әріпі жасалынып еді.

Ал, Өө әріпі қолдануға оңай және дыбыс жағынан Оо ға ұқсас. Оның үстіне ондай белгі (знак) ағылшын тілі арқылы біздің жастарымызға етене таныс.

Енді латынның жаңа әліпбидегі бұрмаланған дауысты дыбыстарына тоқталайық.

Ii Yy Uu әріптерін сол күйінде қалдырғанымыз дұрыс, яғни Ии, Йй және Уу болып қалуы керек. Латынның көп қолданылатын дауысты дыбыстарын қазақ әліпбиінде бұрмалау халқымызға жасалған қиянат болады. Дауысты дыбыстар қай елдің тілінде де көп.

Сол латын әліпбиімізді жасаған ағайындар ағылшын тіліндегі жазуда Almaty деген терминдегі Ыы дыбысын пайдаланып, Ыы-ның орнына осы  латынның Yy әріпін ала салыпты. Латынның осы Yy әрпінің өз орны бар емес пе? Осы үш дауысты дыбыстарды латынша және қазақша сол күйінде қалдыру керек. Мысалы: Aydana - Айдана...

Ыы әріпін Ьь белгісі арқылы берсек нұр үстіне нұр болмақ.

Жалпы ағылшын тілінен үлгі алуға болмайды. Еуропа тілдері, соның ішінде герман тілдері группасында ең нашар тіл - ағылшын тілі екенін естен шығармайық. Мысалы бір Uu деген дыбысты бес түрлі етіп айтып қолданады. Қысқа Yy-ді де солай неше түрлі бұрмалап қолданады.

Негізгі өтінішіміз: Дауысты дыбыстарды сол күйінде қалдырсын. Себебі дауысты дыбыс барлық халықтар тілінде негізгі дыбыс екені табиғи құбылыс. Дауысты дыбыссыз сөз болмайды және дауысты дыбыссыз ешқандай сөздің буыны болмайды. Сондықтан ең көп қолданылатын дауысты дыбыстардың латынша әріпін бұрмалауға ана тілімізде жол бермейік. Оның үстіне ағылшын, неміс, француз, испан тілдерін қазіргі жастар көп қолданады. Демек компютердегі солардың дауысты дыбыстары мен қазақ тіліндегі дыбыстар дәл болғаны дұрыс. Мысалы Еуропа тілдеріндегі дауысты дыбыс Uu-ды басып қалсаң қазақша Уу шығатын, ал Yy-ды басып қалсаң Йй шығатын болса жақсы. Ал бекітілген әліпбимен компьютерде жұмыс істеу қиын, яғни әдейі шатыстырып берілгені көрініп тұр...

Құрметті комиссия мүшелері!

Біз латынның төл дыбыстарын бұрмалауға ешқандай құқымыз жоқ. Латында жоқ өзіміздің дыбыстарды ғана қалағанымызша бұрмалауымызға болады. Басқа ұсақ-түйек мәселелерді талқыламасақ та болады.

Төмендегі латынша 35 әріптен тұратын қазақ әліпбиін байыптап қараңыз... Қолданысқа оңай және ыңғайлы:

Үстіне екі нүкте қойылған әріптерді сорақы көрмейік. Екі нүктені қолмен жазғанда сызықша ауыстырады...

Құрметпен Самат Өтениязов,  

Испан және латын тілдерінің маманы,
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513