Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3679 2 пікір 9 Маусым, 2021 сағат 12:42

Қырғызстан президенті ресми сапармен Түркияға барады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9-11 маусым күндері Түркияға ресми сапармен барады. Сапар барысында түрік президенті Режеп Тайып Ердоған бастаған жетекшілермен кездеседі, деп хабарлайды centralasian.org. 

Сонымен бірге президенттердің қатысуымен екі елдің Стратегиялық ынтымақтастығы жоғарғы кеңесінің V-отырысы өтеді.

Одан бөлек Түркітілдес мемлекеттердің әріптестігі кеңесі аясында жиын өтіп, бизнес форум болады деп күтіреді. Бұл туралы 7 маусымда ресми хабарланды.

Жапаровтың сапары түркиялық қырғыз азаматы Орхан Инандының із-түссіз жоғалып кеткен кезге сәйкес келіп отыр.

Қырғызстанда 20-дан астам "Сапат" жеке лицейінің, халықаралық "Ала-Тоо" университетінің негізін қалаушылардың бірі Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен. Ол Түркияда "террорист" деп танылғандықтан, азаматтық қоғам "оның жоғалуына Анкараның қатысы бар" деген болжамдар айтып отыр. Түркия ресми түсініктеме берген емес.

Abai.kz

2 пікір