Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3425 2 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 15:06

Вирус жұқтырып, көшеде жүру - 87 мың теңге

Қазақстанда оқшаулану режимін бұзған азаматтарға айыппұл салынады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, коронавирустық инфекциясын жұқтырғандар мен вирус анықталғандармен қатынаста болғандар үшін оқшауланудың міндетті режимін қарастыратын санитарлық ережелер бекітілген.

«Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолданылады. Ережелер 2021 жылдың 10 маусымында күшіне енеді», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік орган карантинді бұзып, айналасындағыларға жұқтыру қаупін қасақана арттырғандарға 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылатындығын түсіндірді.

Заң бұзушылар Ashyq көмегімен анықталатыны атап өтілді. Атап айтқанда, жүйе мемлекеттік мекемелерге барғанда «қызыл» мәртебеге ие адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған қатысты әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады», - деп атап өтті комитет.

Abai.kz

2 пікір