Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5532 2 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 13:23

Тегіс жерге салған үйлерің құлап жатыр

Өз халқына су тауып бере алмай отырып, айдалаға қонақ үйді қалай салмақшыңдар?

Ақтауда су уақытпен беріледі екен.
Күн ыстық шайынып алайын десем, қәзір газға су ыстып беремін деді. Қуасың ба көп қабатты үйде тұрып су ысытқаны нес , қолымды жуайын деп суды ашып қалсам тіпті мұздай су жоқ. “Бізде су уақытпен беріледі, біз үйренгенбіз”, деп күлді сіңілім.
Халық бәріне көнеді технологиясы дамыған алдыңғы қатарлы ел суға жете алмай қор болып отырғанын мына үкімет біледі ме?
Ақтаудың маңындағы ауылдарда тіпті сағатпен берілетін су жоқ деп кеше оқырмандарым жазып еді.
Ал үкімет айдалаға, туристтер үшін қонақ үй салмақшы.
Қаланың ортасында жүрген халыққа су беріп жарыта алмай жүріп , айдалаға суды қалай тасымақшыңдар?
Тегіс жерге салған үйлерің құлап жатыр, жолдарың шұрқ тесік болып тесіліп жатқан да, ойлы қырлы жерге салған қонақ үйлерің тұрады деп ойлайсыңдар ма?
Бүкіл тәттісін қонақтарға сақтап үйіп төгіп беретін жоғарыда отырған жемқор аңғал ағаларым ай?!
Өзгелерге жалпылдап, өзімізді төмпештеуді қашан қоясыңдар?
Ең бірінші өз халқыңның жағдайын жасап үйренсеңдерші!

Бозжыра тек осылай суретке түсетін әдемі локация болып қалу керек!

Айгүл Орынбек

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534