Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2251 0 пікір 10 Мамыр, 2012 сағат 08:19

Перизат Әмір. Естай есімі берілсін!

Естіген құлаққа ұят, Екібастұз қалалық музыка мектебі бесқабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Екі подъезінде тұрғындар тұрса, соңғы подъезі 1951 жылы музыка мектебіне беріледі. Жылдар өте музыка сыныптары көбейіп, өнер ордасы Глинка есімін иемденеді. Мұнда республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысуға жағдай жасалмаса да, музыканы жанына серік еткен екібастұздықтар аталмыш бәйгелерден құр алақан қалған емес.

Халық әрқашанда өнерге жақын. Республика бойынша би өнерінен қарағандылықтар алдына жан салмаса, екінші орын ылғи екібастұздықтардікі. Екібастұз секілді Оңтүстік Қазақстанның Жетісай, Жезқазғанның Сәтпаев секілді шағын қалаларында музыка мектебі тұрмақ, драма театры бар. Сәтін салса, биыл қаламызда ұзақ жылдар бойы «әне ашылады, міне ашылады» деген музыка мектебі ашылмақ. Бұл жайында республикалық телеарналар ақпарат таратты да. Екібастұзда музыка мектебін салу сан мәрте қолға алынып, тұралап келді. 2004 жылы қала әкімі В.Набитовскийдің басшылығымен Мәшһүр Жүсіп орталық көшесінен музыка мектебін салу жоспарланып, оның құрылысы басталды да, аяқталмай қалды. Бұл құрылыс әлі күнге дейін қала сәнін кетіріп тұрған жайы бар. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінген музыка мектебінің құрылысын бүгінгі қала басшысы басқа жерден салып жатыр. Үкіметтің қадағалауымен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа типтік мектеп Екібастұзда жоқ басқа өнер ордаларының орнын он орап алады деген үміттеміз. Құрылыс тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында тапсырылады деп жоспарланған. «Елу жылда - ел жаңа» демекші, жағымды жаңалықты ел Тәуелсіздігінің мызғымастығының айшықты белгісі ретінде қабылдап, елу жыл бұрын берілген есімін өзгерткен жөн. Жаңа музыка мектебі қазақ халқын Қорланымен сүйсіндірген Естайдың есімімен аталуы тиіс деп білеміз!

Перизат Әмір,

Екібастұз қаласы

"Абай-ақпарат"

0 пікір