Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 14396 0 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 12:44

Рухани жаңғыру: бағдарлама аясында не жасалды?

Жақында «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудың басталғанына төрт жыл өтті. Бағдарлама Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде әзірленді. Бағдарламаның негізгі ұстанымдарының бірі - болашаққа бағытталған, даму мен алға жылжуды, сананы жаңғыртуды мақсат етеді. Сонымен қатар экономиканы дамыту үшін арнайы стимулдар болуын да қалайды. Дамыған 30 елдің қатарына кіруді де ойлайды. 

Бағдарламада қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін бірнеше жобалар қарастырылған. Мұндай жобалар үшін төрт жыл - бұл түбегейлі өзгерістер туралы және жетістіктермен мақтану үшін онша көп уақыт емес екені түсінікті. Соған қарамастан, жұмыс жүріп жатыр, ал кейбір нәтижелер қазірдің өзінде айқын көрінуде.

«Рухани Жаңғыру» бұл ойын-сауық іс-шаралары емес, бұл стратегиялық негізде сананы жаңғырты, рухани өзгерістер жасау арқылы алға жылжуды мақсат етеді.

Соңғы төрт жылда осы бағдарламаның институционалдық негіздерін құруға көп көңіл бөлінді. Және осы уақыт ішінде елде 93 мың іс-шара өткізіліп, оған 12 миллионнан астам жерлестеріміз қатысты. 13 арнайы жоба жүзеге асырылуда. Бұның бәрі тек қана сандар емес, сондай-ақ, үлкен көрсеткіштер мен шынайы нәтижелер. 12 миллион адамның санасына берілген жаңа сәуле мен рухты серпілтер нәтижелер.

2020 жылдың басында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 122 тармақтан тұратын жаңа жоспар ұсынды. Олар үш блокқа бөлінеді:

1) тұлғаны дамыту - «прагматизм», «білім культі», «сананың ашықтығы» және «бәсекеге қабілеттілік» қасиеттерін дамыту.

2) ұлтты дамыту және халықаралық позициялау - «ұлттық бірегейлікті сақтау» және Ұлы Даланың жеті қыры: ат спорты; ұлы даланың ежелгі металлургиясы; жануарлар стилі; Алтын адам; түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны екенін барынша насихаттау.

3) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қауымдастықтың дамуы - «революциялық емес, эволюциялық» жолмен жүруге барын салу.

Институт мәліметінше, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында гуманитарлық пәндер бойынша 100 оқулық аударылды. 47-сі басылып шығып, жоғары оқу орындарына жіберілді. Сондай-ақ, екі тілде 156 видеокурстар мен бейне дәрістер пайда болып, арнайы порталдарға ілінді.

«Туған жер» жобасын жүзеге асыру барысында 2,6 мыңнан астам нысан салынды. Сонымен бірге 2 мыңнан астам нысан қайта жаңартылды және жөнделді. Бұл балабақшалар мен мектептер, медициналық мекемелер, спорттық нысандар сынды маңызды қоғамдық ғимараттар екенін де ескеруге тиіспіз.

«Сакралды Қазақстан» жобасы аясында жұмыс жүргізілуде. Қасиетті жерлердің тізімдеріне 100 республикалық және бес жүзден астам аймақтық маңызы бар нысандар кіреді

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 48 тарихи-мәдени ескерткіш қалпына келтірілді. Отырар елді мекенінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Келуші туристерге арнап 3 келушілер орталығы ашылды, олар «Ұлытау», «Отырар», Таңбалы». Орбұлақ шайқасын тарихи қалпына келтіру, виртуалды 3D-турлар: Жетісу 360, Қарағанды ​​облысында «Қымыз fest» және басқалары өтті.

Бағдарлама аясында 2018 жылы «Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнерінің антологиясы» каталогы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Қазақ әдебиетінің проза мен поэзия жанрындағы шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылды.

Қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Өзгерістердің сарулары» әлеуметтік жобаларының акселераторы іске қосылды. Дамудың алты бағыты бойынша жүзеге асырылатын жобаларды сүйемелдейтін және дамытуға көмектесетін сараптамалық топ құрылды. Ол топтың қызметі келесідей:
- инклюзивті қоғамды дамыту,
- бейресми білім беру шеңберінде тиісті құзыреттер,
- ауылшаруашылық, өлкетану, білім беру туризмі,
- мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін арт-сайттар,
- халықтың экологиялық мәдениетіy арттыру
- сонымен қатар жүйелік дизайндық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту.
Акселераторға енетін жобалар ауқымды кеңейтуге, ақпараттық қолдау көрсетуге, қаржыландыру көздерін табуға, бизнес-жоспар құруға, жаңа серіктестер мен ұйымдарды табуға мүмкіндік алуда.

Институт порталында Шығыс Қазақстан облысы «Рухани жағыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мәдениет Ахметова бірнеше мысалдар туралы айтып берді. Атап айтқанда, «Сакралды Қазақстан» жобасы аясында 2023 жылға дейін «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қалыптастыру жоспарлануда.

Кластердің орталығы Өскемен қаласында болады. Барлығы туристік қызығушылық тудыратын бірнеше негізгі орындар анықталады. Бұл Берел қорғаны, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені, Зайсан көлі, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс Алтай қорығы және басқалары.

Алакөлге және туристік аймақтарға ерекше назар аударылуда. Көл Қазақстанның туристік картасының ең жақсы 10 объектісіне кірді. Мұнда жолдар жөнделуде, жағалау аймағы кеңейтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының басқа да қасиетті орындары ретке келтірілуде, Мысалы, Ырғызбай кесенесі, Қоңыр-Әулие үңгірі және т.б. Балаларға арналған «Шығыс Қазақстан аңыздары мен ертегілері» электронды кітабы жарық көрді, ол басқалармен қатар қасиетті жерлер мен байланысты аңыздар туралы баяндайды.

Бағдарлама аясында сонымен қатар "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы іске асып келеді. Жобаға осы уақытқа дейін он мыңнан астам адам қатысқан. Жеңімпаздар қоғамда кеңінен насихатталып, жасаған еңбектері бағалануда.

"Рухани жаңғыру" аясында елімізде латын әліпбиі негізіндегі жаңа әліпби қабылданбақ. 2025 жыл оқуға баратын балалар жаңа әліпбимен білім алады. Бұл қазақ тілін дамытып, оны ғылым тіліне айналдыру үшін жасалатын қадамдардың бірі болып отыр. Тіл даму үшін үнемі трансформацияда болуы қажет. Сондықтан да латын әліпбиі негізіндегі жұмыс жүргізілуде. "Рухани жаңғыру" жалпы қоғамды, халық санасы мен мемлекеттік саясатты алғы жылжытуда.

Abai.kz

 

0 пікір