Жұма, 12 Тамыз 2022
Жаңалықтар 6588 0 пікір 7 Мамыр, 2012 сағат 09:36

Зәки Ахметов. Жаңа идеялар жаршысы

Міржақып Дулатов XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күреске жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз: іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның, алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян, қазақ!» деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді.

Осы кітаптың «Оян, қазақ!» деген атыңың өзі халықты мешеуліктің, надандыктың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солай қабылданды. Ақыннын, озат идеяларға толы өлеңдері көпшіліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кенінен тарай бастады. М. Дулатов патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, заңсыздыққа, халыққа қысым жасаушылыққа қарсы шықты. Қазақ жастарын окыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін айта отырып, М. Дулатов орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді.

Елді бұрынғы мешеуліктен арылып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда, осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда кеңірек, жаңаша мағынаға ие болып, «Оян, қазақ!» деген сөздің ұлттық ұранға айналуы осы кез - XX ғасырдың басы болатын.

Міржақып Дулатов XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күреске жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз: іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның, алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян, қазақ!» деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді.

Осы кітаптың «Оян, қазақ!» деген атыңың өзі халықты мешеуліктің, надандыктың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солай қабылданды. Ақыннын, озат идеяларға толы өлеңдері көпшіліктің назарын тез аударып, кітап ел ішіне кенінен тарай бастады. М. Дулатов патша үкіметінің саясатын әшкерелеп, заңсыздыққа, халыққа қысым жасаушылыққа қарсы шықты. Қазақ жастарын окыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін айта отырып, М. Дулатов орыс тілін, мәдениетін игеруге де ерекше мән берді.

Елді бұрынғы мешеуліктен арылып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда, осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда кеңірек, жаңаша мағынаға ие болып, «Оян, қазақ!» деген сөздің ұлттық ұранға айналуы осы кез - XX ғасырдың басы болатын.

Міржақып әдебиет, мәдениет ісіне қазақ даласында, жаңа демократиялық, ағартушылық қозғалыс бел алып, кең өріске шыға бастаған тұста араласа бастады. 1905 жылғы орыс революциясы Ресейде таптық күрес, саяси қозғалыстың күшейе түскенін айғақтады. Патшалық үкімет Ресейдің шет аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстандағы демократиялық қозғалысқа, әсіресе, азаттық аңсау идеясының өріс алуына жол бермеуге тырысты.

1905 жылдың өзінде-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкілдері ұйымдасқан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халық мүддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек-талаптарды патша үкіметінің алдына ашық қоюға шейін барған.

«1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды, абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды», - деп жазды Міржақып Дулатов кейінірек «Қазақ» газетінде (1913, № 28).

Дулатов Міржақып 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майқара болысының 3-інші ауылында туған. 1935 жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болған.

Міржақып 8 жасқа толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ алады. Одан соң ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен жақындасады. 1905 жылғы орыс революциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады.

1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым өлең, мақаласы да жариялана бастайды. Міржақып Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне білетіні, қазақ қоғамында жаңадан өpic алып келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты.

Міржақыптың «Серке» газетінің («Ульфат» газетіне қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері «Оян, қазақ!» кітабында әсіресе айқын, әсерлі айтылады.

«Оян, қазақ!» 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны «Оян, қазақ!» елді бұзатын, дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып, М. Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға,. оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін, шығартады. Кітаптың қолдан-қолға тарап жүрген қаншама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.

«Оян, қазақ!» кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, қоғам қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен құтқаратын күшті құрал оқу-білім, өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұға білді.

Міржақып Дулатов патша үкіметінін, қазақ даласы билеу ісін жүргізудегі саясатының кемшіліктерін, кертартпа сипатын айқын аңғарды. 1916 жылғы оқиғаны, 1917 жылғы ақпан көтерілісі мен Қазан төңкерісі, азамат соғысы кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көзімен көріп, дұрыс бағалай алды. Осындай үлкен тарихи оқиғалар болып жатқан кезеңдерде алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының, қоғам қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуға бағытталды. Сол дәуірдегі тарихтың, уақыттың өзі қазақ қоғамының алдына тартқан, күн тәртібіне қойған ең маңызды, түбегейлі мәселе кандай еді десек, халық мүддесін көздеген озат ойлы қазақ зиялыларының қоғамдық, саяси күрестегі алдына қойған негізгі мақсаты елдің азаттығын қорғап қалу, сол үшін ұлттық мемлекет құру болатын дер едік. Ел берекелі, беделді болу үшін, халықтың ұлттық мәдениетін өркендету үшін алдымен азаттық, бостандық керек, ерікті ел болу керек екенін олар жақсы түсінді. Қазақ еліне автономия беру мәселесін ашық қойған Әлихан Бөкейханов, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін бұл үміттің ақталмайтынын байқап, ұлттық партия құру ісіне кіріседі.

«Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық», - дейді Әлихан Бөкейханов, бірақ ол ниет қолдау таппады дей келіп: «Мен сонан соң қазақ Алаш партиясын ашуға кірістім», - дейді («Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында. «Қазақ», 1917. № 256). Міне, сөйтіп қазақ интеллигенциясының алдынғы қатарлы өкілдері «Алаш» партиясын кұрып, «Алаш-орда» үкіметін орнатқан кезде Міржақып Дулатов алаш туын көтерген Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтардың қатарында болды.

Ақынның «Алашқа» атты өлеңі «реквием» (қазалы жыр) деп аталғанымен, оны тек өткен заманды аңсау сарынына құрылған демесек керек. Қазақтың бұрынғы өздері ақ киізге көтеріп сайлайтын хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырлары болған кең сахарада малын бағып, еркін көшіп-қонып жүрген дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен енді қайтып келмейді, сондықтан уақыттың, қоғамдық жағдайдың өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып, қазақ көшін оңға бастайтын адамдар кажет деген ойын аңдатады. Бүгінгі өзінің бас пайдасын ғана ойлаған малқұмар парақор басшыларға еріп, алданудан сақтандырады. Ежелгі көшпелі дәуірдегі өмір-тұрмыстың жақсы, жарасымды жақтары, өз артықшылығы аз емес екені ақынның басқа өлеңдерінде де шебер бейнеленіп көрсетілген. Бұған мысал ретінде «Қазақ халқының бұрынғы мәгишаты» өлеңіндегі мына суреттемені еске алалық:

Кетуші ед көшбасшылар ілгері озып,

Жарасып өз формынша саясаты.

Жарысып бозбалалар жүруші еді,

Жаратқан үкі тағып жүйрік аты.

Жайлауға шыға айғыр суытушы еді,

Ыстықтың қалмайды деп зарараты.

Тізіліп көл жағалай қонушы еді,

Жарасып ақ үйлердің кияфаты.

Көкорай шалғындарға бие байлап.

Байлықтың көрінуші еді ғаләмәті.

Жан-жануар рахатпен бір жасаушы еді,

Кіргендей бөлмесіне жер жәннәті.

Ішкен мас, жеген тоқ боп жүруші еді,

Түзеліп, бозбаламен саяхаты.

Алайда ақын бұрынғыны бірыңғай мадақтаудан аулақ. «Қазақтың бұрынғы һәм бүгінгі халі» атты өлеңінде ол ерте замандарда да әділеттілік болмаған деп ашық айтады:

Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,

Батырлар факирлердің хақын жеген.

Біз мұндай бұл уакытта болар ма едік,

Істесе халық пайдасын ғақылменен.

Ел ішінде алалық, барымта, үрлық бұрыннан бар екенін жоққа шығармай, ал бұл күнде ел билеушілер «шен алып дәрежеге жеткендей боп» өз пайдасы үшін халықты сатудан тайынбайды деп патша әкімдеріне жалынып күн көруге ұмтылатындарды қатты шенейді. «Сайлаушылар хақында» атты өлеңінде:

Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,

Ол сайлау байқасаңыз, түпке жетті.

Бай болып, мырза атанып мал біткендер,

Таласып болыстыққа ақша төкті.

Болыс болар мал шашып, шығынданып,

Сайлау етер осылай тынымданып.

Әбден болып алған соң расходын,

Бітіреді халықтан жылында алып.

Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді.

Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,

Біз кірдік Руссияның фанасына.

Жылында мын жеті жүз алпыс сегіз

Қазыналық деді жердің һәммәсін да.

Айырылсаң қалған жерден осы күнгі,

Топыраққа малды, қазақ, бағасың да, - дейді ол «Қазақ жерлері» өлеңінде. Қазақ даласына енгізілген ел билеу жүйесінің халық мүддесін жақтауға ылайықталмай, жергілікті әкімдерді әлсіретіп, патша үкіметінің басқару орындарындағы ұлықтардың өкім жүргізуіне қолайлы етіп жасалғанын Міржақып толық түсінген.

Мұнымен мал шашылып, ар кетеді,

Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді.

Өтірікті расқа шығарам деп,

Жалған іске ант беріп жан кетеді, - деп, қазақ даласын бөлшектеп, ұсақ-ұсақ болыстарға бөлу, сөйтіп, әлсіз, ұлыққа бағынышты ел басқарушыларды көбейту ел ішінде араздықты қоздыруға себеп болып отырғанын аңғартады.

Бұдан бұрын да, бүгінгі заманда да халықтың аяғына оралғы болып, оны алға бастырмай отырған бірліктің, бірауыздылықтың жоқтығы деген түйінді ойын ақын мейлінше ашынып айтқан:

Бірлік жоқ, алтыауызды халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

Енді елді теңдікке жеткізетін өнер, ғылым дей отырып, оны халықтың керегіне жұмсау, игілігіне асыру қажет екеніне зор мән береді:

Ғылымың болса-дағы ұшан-теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей, - дейді.

Халықтың тағдырын ойлап, толғанып, елдің бірлігін, бірауыздылығын арттыру, заманның ыңғайына қарай қам жасау, харекет қылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету, мұсылманшылық жолын ұстау, орыс тілін,, өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам қайраткерінің тұлғасын көз алдымызға анық елестете аламыз.

Сонда оқырманды елітіп қызықтыратын, баурап әкететін не десек, ол алдымен автордың шыншылдығы, адалдығы, әр сөзін ерекше ынта, ықыласпен, қатты құлшыныспен айтатыны дейміз. Ақын біреулерді кемшілігін тауып сынағандай, кейде ұстаған жерінен айырылмай, қадалып, қатты айтқандай болса да, сырт көзбен көргендей, сырттан айтқандай болмай, қатар, бipгe отырып сөйлескендей. Ашынғаны да, ақыл бергені де артық көрінбейді. Бірге ойласып, бірге мұңдасып, сырласқандай сезіледі.

Сондықтан ақынның наз ғып, сипай айтқан сынын да, ашынып ащы мысқыл-кекесінмен түйреп шенеген сөздерін де орынды демеске амал қалмайды. Ол бірде:

Атаңа дәулет бітсе, бұлғақтадың,

Хисапсыз сөздер сөйлеп ыржақтадың.

Мәз болып «мырза» деген қошеметке,

Буынып мықыныңнан ырғақтадың.

Бояумен сырладыңыз сыртыңызды,

Керіліп сыйпадыңыз мұртыңызды.

Қарасам ішіңізді ашып, дәнеме жоқ,

He дейін надан демей, жұрт бәріңді, - десе, тағы бірде:

Жұмыс көп біздің жұртқа ұнамаған,

Нашар жоқ қорлық көріп жыламаған.

Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар,

Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.

Аяғын пайдалы іске бір баспаған,

Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.

Түйені түгіменен жұтса-дағы,

Харамнан нәфсі тиып, бір қашпаған, - дейді. Яғни, бір орайда әзіл-қалжыңы аралас сын айтқандай болса, енді бір орайда озбыр, опасыз адамдардың мінез-құлқын бадырайтып, көзге шұқығандай батырып айтады.

Қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, жағымсыз істерді сынап, әшкерелеп, әйгілеуге назар аудара отырып, ақын адалдық, әділдік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерді уағыздауды ешбір есінен шығармайды.

Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,

Инсаплыққа ерсі жұмыс етпелік.

Қарастырып халық пайдасын жабылып,

Көмек беріп мұқтаждарға көптелік.

Пайдасы жоқ исрафтан бой тартып,

Керексізге бекер малды төкпелік.

Кәдәри хал біреу шықса талапкер,

Рәд қылып хәсәфлікпен сөкпелік.

Әр іске өнер, хайлә керек болса,

Тіл алсаң омыраулап салма күшке.

Бұл сөзім ілтифатсыз босқа қалып,

Түбінде қалып жүрме өкінішке.

Бұл сөздерінен де акынның «жігіттер» деп жастарға, әсіресе назарын аударғандай болған тұстарында олардың іш тартқандай, ашылып, шынайы адал көңілмен ақтарыла сөйлейтінін жақсы аңғарамыз.

1913 жылы Міржақыптың «Азамат», 1915 жылы «Терме» атты өлең жинақтары жарық көрді. «Азамат» жинағындағы:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі.

Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, - деген сөздер азамат ақынның алдына койған қоғамдық мақсатын қалай түсінетінін айқындай түседі, оның алған бетінен, күрескерлік жолынан таймай, қажымай, талмай туған халқы үшін еңбек етуге белін буғанын аңдатады.

Ақын өлеңдерінің басты сарындары надандық пен топастықты, әділетсіздікті сынап әшкерелеу, халықты мәдениетке, өнер - білімге, прогреске шақырып, адамгершілік азаматтық идеяларды уағыздау болып келеді.

Міржақыптың азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да түрлі-түрлі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік мәселелерді сөз қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер, тағы сондай түрленіп келе береді.

Және назар аударарлық бір нәрсе - қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл күй лирикасы сипатын алатын тұстары да аз емес.

«Сырым», «Мұң», «Қиял», «Көңіліме», «Арманым», «Қажыған көңіл» секілді өлеңдерді осы топқа жатқызуға болады. Соңғысында ақын:

Желігуден жел көңілім басылмай,

Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.

Ерте менен кеш тақылдатып қақсам да,

Әуре қылды бақ есігі ашылмай, - деп тебірене толғанады. Осындай өлеңдер ақынның жан сезімін танытатыны талассыз. Алайда Міржақыптың көңіл-күйі лирикасында ақыл-парасаттылық күштірек екені, сезімшілдіктен де ойшылдықтың басым келетіні байқалады. Оның ақындық бітім-тұлғасын тұжырымды түрде сипаттап беруді мақсат етсек, Міржақыптың өмірі құбылыстарын, адам мінезін, іс-әрекетін бейнелеу шеберлігі ойнақшыған отты сезімге бой алдырудан гөрі салқынқанды ойлағыштық қабілеттің айрықша қуаттылығына негізделеді дер едік.

Сонымен бірге Міржақыптың поэзия тілімен нақтылы өмір көріністерін көз айқын елестетерлік етіп мүсіндеп бейнелейтін суреткерлік шеберлігі де назар аударарлық. Мысалы, «Наурыз» («Жаңа жыл») атты өлеңінде ол көктемде бой жазып жадыраған ауылдың көшпелі тұрмысын анық, айқын, жанды суреттемелер арқылы көкейге қонымды етіп көрсетеді.

Жайнаған терең сайлар,

Ойнаған құлын, тайлар.

Ел қонып көл жағалай

Өріске малын айдар.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,

Бұтақта бұлбұл сайрар.

Тіріліп, құрт-кұмырсқа,

Жер жүзі быж-быж қайнар.

Сұлу жүр сылаңдаған,

Күлімдеп кылаңдаған.

Ерініп бір басуға

Жас талдай бұраңдаған, -  деген өлең жолдарынан-ақ ақынның нақтылы, айқын детальдар, қимыл-әрекеттер арқылы тұтас өмір құбылыстарын нанымды, әсерлі бейнелейтіні аңғарылады.

Осындай суреткерлікті, нақты өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуге шеберлікті «Жұт» деген өлеңнен де анық байқауға болады.

Қырылды қосты жылқы сорға түсіп,

Омбы кар, терең сай мен орға түсіп.

Хал кеткен қайыруға жылқышылар,

Жанымен қош айтысты олар да үсіп.

Үстінде ұзын жолдың қалашылар

Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар.

Тоқтаусыз күні-түні соқкан боран,

Біразын қалған басып, қазасы бар.

Балалар боқша арқалап, барын киген,

Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден.

Жеткенше аяқ-қолын домбықтырып,

Бетінен тызылдатып аяз сүйген.

Суатқа мал суара барған малай,

Келеді құлақ-мұрнын ол да уқалай.

Кенеттен бір мезгілде боран соғып,

Лағып құба жонға кеткен талай.

Мұндай суреттемелерде ақыннын, әр түрлі жай-жағдайларды баяндай айтуға ұсталығы да анық бой көрсетеді десек те, сипаттап бейнелеу жағы алдымен назар аударады. Өлеңнің алғашқы жарымында жұтты осылай бейнелеген ақын, енді сол мәселе төңірегінде пікір айтуға ойысып, мал бағуды ғана күн-көріс ететін көшпелі тұрмыстың қиыншылығы туралы ой толғайды.

Міржакыптың сұлулықты сұқтана қастерлейтін «Сұлу қызға» атты арнау түріндегі өлеңі, ғашық жанға қимастық сезімге толы «Айырылу» атты өлеңі сыршыл лириканың әдемі үлгісі дерлік болса, «Таза бұлақ» деген өлеңі романс деп аталса да, мысал өлең түріне жақын келеді.

Түгелдей алғанда Міржақып поэзиясында маңызды қоғамдық, саяси мәселелерді қозғайтын аааматтық, әлеуметтік лирикаға жататын өлеңдер басым екенін байқаймыз. Қазақ поэзиясының бұл саласын дамытып өркендетуде ақынңың сіңірген еңбегі орасан зор. Ол әлеуметтік лириканы қазақ қоғамының өмір шындығын, қайшылықтарын терең, жан-жақты ашып көрсететін тың тақырып, сарындарымен молықтырып, идеялық мазмұнын байытты. Сонымен бірге бұл өлендердің көркемдік қасиет-сипаты, ой-сезімді тартымды, әсерлі айтып жеткізу әдіс-тәсілдері де қазақтың жазба поэзиясына көп жаңалық әкелді дей аламыз. Ақын әр сөзін қарапайым оқушылардың, қалың қауымның ұғымына жақындатып, түсінікті етіп айтуға ұмтылған десек те, оның өлеңдерінен өзіндік дара дүниетанымы, әр нәрсені өзінше танып, сезінуі, ойының өткірлігі, өтімділігі, сезімінің нәзік, әсерлілігі айқын танылып отырады. Ал мұндай аса маңызды, күрделі ой-пікірлерді, әр қилы толғаныстарды, ой-сезім иірімдерін мейлінше қарапайым тілмен, айқын жеткізе білу үлкен ақындық шеберліктен туатынын дәлелдеп жату қажет бола қоймас.

Міржақып айтатын ойын анық, тура жеткізуді көздейтіндіктен де болар, қажет деген жерінде нақтылы ұғымды дәл беретін, сол кезде кітаби тілде кездесетін араб, парсы сөздерін де қолданудан бас тартпайды. Тіпті кейде өлеңдерінде де әр түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғағанда солай етеді. Және осындайда әдемі, сұлу сөздерге де көп әуестенбейтіні аңғарылады.

Міржақыптың ақындық шеберлігінің бір қыры деп өлең өрнегін түрлендіріп келтіретінін айтуға болады. Бұл орайда оның өлең өлшемдерін, ұйқас түрлерін қолдануына қатысты бір-екі ерекшелікке ғана тоқталамыз. Ақынның қазақ поэзиясында әбден орныққан он бір буынды өлең өлшемін қолданатыны және оның негізгі, соңғы бунағы төрт буынды түрімен қатар, соңғы бунағы үш буынды келетін екінші түрін де жиі қолданатыны назар аударады. Және осы өлшемнің қай түрін алса да, әлең шумақтарын бастан-аяқ үнемі бірыңғай ұйқастыруға зер салады. Мысалы, «Сағыну» атты өлеңін:

Айт шыныңды көңілім, қайда барасың?

Қаңғырудан қандай пайда табасың?

Тоқталатын келген жоқ па мезгілің?

Дамыл таппай күні-түні шабасың, - деп бастап, келесі шумактардың бәрін де соған үндес етіп біркелкі ұйқастырады (мазасын-назасын, жарасын-даласын, тағы тағылар). Ал «Насихат ғұмумия» атты өлеңінде әрбір жеті не сегіз шумақтар тобы осылай бірыңғай ұйқастырылған.

Ал жеті-сегіз буынды өлшеммен жазылған «Қайда едің?» деген өлеңін алсақ, бастапқы шумағы:

Кешегі қара күндерде,

Жұлдызсыз, айсыз түндерде,

Жол таба алмай сенделіп,

Адасып алаш жүргенде,

Бұл күнгі көп көсемдер,

Сұраймын, сонда қайда едің? - деп басталады да, келесі шумақтардың соңында осы «қайда едің?» деген неше дүркін қайталанады. Мұның, өзі айтатын ойдың желісін үзбей, бір арнада дамытып, барған сайын ширықтырып ширата түскендей әсер береді.

1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы басылып шығады. Бұл шығарма жазушыңың өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркем туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, қазак, әдебиетіндегі роман деп аталған тұңғыш прозалық шығарма болатын.

Қазақ әйелінің тағдырын толғайтын алғашқы прозалық туындылар саналатын Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С. Көбеевтің «Қалың мал», С. Торайғыровтын, «Қамар сұлу» атты романдары бір-біріне ілесе жазылып, 1912-1914 жылдарда жарық көргенін еске алсақ, «Бақытсыз Жамал» осы үлкен арна-ағынға жол ашкан бастау екені айқын болды. «Бақытсыз Жамал» көп ұзамай орыс тілінде де жарық көрді. Мұның өзі сол кездің өзінде-ақ М. Дулатовты орыс әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің танып-білуіне, жоғары бағалауына мүмкіндік берді. Міржақып әйел теңдігі мәселесін поэзиялық шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды малға сатуды, жесір әйелді еркінен айыратын әмеңгерлікті өткір сынның нысанасына алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді уағыздаған. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал берген адамға қосақталған бақытсыз Жамалдың трагедиялық өмірі - жүздеген, мыңдаған қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы жағдай болатын. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ өміріндегі ең бір түйінін шешуі қажет мәселе болды.

Міржақып әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Жамал бейнесін суреттеудегі жаңалығы да осы түпкі идеясына, озат ой-пікіріне негізделген. Қаншама әйел ескіліктің шырмауынан шыға алмай, қайғы жұтып, көнбістікпен өмірін өткізген болса, Жамал ғашық жарына қосыла алмай басқа біреумен тұрмыс құруға бар жанымен қарсы болады. Ғашық жігіті өмірден қыршын кеткенде ауыр қайғы үстінде шарасыздықпен әкесінің ырқына көнсе де, қорлауға шыдамайды. Келін болып түскен жерінен қашып кетпекші болып, қайғылы қазаға ұшырайды. A. Н. Островскийдің әйгілі «Найзағай» пьесасындағы Катерина туралы Н. А. Добролюбов қараңғы түнекте жарқырап көрінген нұр сәуледей болған десе, Жамалдың қорлыққа көнбей қарсылық білдірген табандылығы, өжеттігі де еркіндікке ұмтылып, арманына жетуді аңсаған талай қазак кыздарының жүрегіне сәуле беріп, қысылып-қиналғанда ширықтырып, қайраттандырған болар.

Міржақып ақындық, жазушылық еңбегін журналистік қызметімен ұштастыра білді. 1911 жылы «Айқап» журналында, 1913-1918 жылдарда «Қазақ» газетінде қызмет етті. Ол «Қазақ» газетін шығаруға бас редактор Ахмет Байтұрсыновпен бірге аянбай ат салысып, осы газеттің жарық көрген алғашқы күндерінені бастап оның бетінде әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне арналған мақалалар жариялап отырды. Сөйтіп, ол талантты публицист, әр түрлі әлеуметтік, мәдениеттік мәселелерді толғайтын мақалалардың, очерк, фельетондардың авторы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылады. Солардың ішінде әдебиет мәселелерін сөз ететін мақалалар аз емес екенін еске сала отырып, 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған.

«Абай» деген мақаласын бөліп айтуға болады. Мақала «Абай секілді атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп» атап өту үшін жазылғанын автор өзі де айтқан. Міржақып Абайды «қараңғы заманда шыққан басшымыз» деп атап, оның қазақ әдебиетін, ой-санасын дамытуға косқан үлесін аса жоғары бағалап, артына қалдырған мұрасыньң қадірі барған сайын арта береді деген терең пікір айтады:

«Зәредей шүба етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар».

Бұл сөздердің қандай көрегендікпен айтылғанын бүгін әділ қазы - уақыттың өзі дәлелдеп көрсетіп отыр деуге толық хақымыз бар.

Әдебиет пен мәдениет жайын баяндағанда Міржақып Шоқан Уәлиханов пен Ахмет Байтұрсыновтың және шығыстанушы Григорий Потанин мен атақты татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың еңбегін ауыз толтырып айтады.

Оның Шоқанның өмір жолын жақсы білгенін, ғылыми зерттеу еңбектерінің мәнін терең түсінгенін кейбір оғаш, орынсыз айтылған пікірлердің теріс екенін нанымды көрсеткенінен анық байқаймыз. «... Шоқан хүкімет қолында құр жансыз құрал болмай, таза пікірлі, ақ жүрек ұлтын сүюші жігіт болғандығы - орыс ғаскерінде патшаға ант берген офицер бола тұрып, мұсылмандарға, орыс ғаскері қылған залымдыққа шыдамай қарсы келіп, Черняевтан айырылғандығы зор дәлел болса керек. Шоқанның бар талабы ғылымға ұмтылу, қазақ халқына пайда келтіру, қазақ халқының тұрмысын, рәсімін, тарихын анықтау жолында болған», - дейді Міржақып.

Ахмет Байтұрсынов туралы айтқанда Міржақып оның ақындық өнеріне тұжырымды сипаттама береді, өлеңдерінің басты қасиеті шыншылдық пен сыршылдық екеніне, әдеби еңбектерінде патша үкіметінің саясатын әшкерелегеніне назар аударады. «Қазақ» газетін шығарудағы, қазақ тілін зерттеудегі, оны оқыту ісін жүйеге келтірудегі Байтұрсыновтың шексіз зор еңбіегін де айрықша атап өтеді.

Сонымен қатар Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи есіміне байланысты тарихи деректерді, Абылай хан туралы тарихи мағлұматтармен қатар, халықтың аңыздарын, ақын, жыршылардың айтқанын да жақсы білетіні сүйсінерлік. Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи мешітінің тозып, бұзылмай, сақталуын, «мәңгіге қалуын» қажет деп санағаны, осы мәселеге арнайы тоқталып өткені де біліктіліктің, парасаттылықтың белгісі.

Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орны жайында сөз қозғағанда, Міржақып оның өз басын қастерлей отырып, Кенесары мен Абылай ханды қазақ үшін күш-өнерлерін жұмсаған деп атап өтеді. Абылайдың кейінгі ұрпақтары елдің ойлаған жерінен шыққан жоқ дегенді де аңғартады, «бұларға қазақ жұртының өкпелейтіні де осы күнгі тар заманда білім, дәрежелері бола тұрып, баяғы аталары өрге сүйреген жұртына басшылық қылып пайдаларын тигізбеді дегеннен басқа болмаса керек», - деп жазады.

Міржақыптың қазақ білімпаздарына қоса, түркі тілдес халықтардың, шығыс елдері ғұламаларынын, орыс, европа шығыстанушыларының еңбектерін еркін меңгергені оның қазақ пен қырғыздың шыққан тегі туралы жазған тарихи шолуы секілді жазбаларынан анық байқалады.

1925 жылы Міржакып «Еңбекші қазақ» газетінде Анненковты, Колчакты әшкерелеп мақала жазды. Ол орыс классиктерінің шығармаларынан басқа саяси әдебиетті аударумен де шұғылданды. «Балқия» атты пьеса жазды.

Педагогтік қызмет істей жүріп, оқулық жазуға да күш жұмсады («Есеп құралы», «Қирағат кітабы»), Міржақып Дулатов 1928 жылы сталиндік репрессияға ұшырап, Соловецк лагерінде Ақтеңіз - Балтық каналының құрылысында азапты ауыр жұмыста жүріп ауруға шалдығып, 1935 жылы емханада қайтыс болды.

Міржақып Дулатовтың әдеби шығармалары ерте кезде-ақ сыншы, зерттеушілердің назарына ілікті.

1914 жылы Мәскеуде жарық көрген «Шығыс жинағы» атты кітапта қазақ ақын-жазушыларынан Абаймен қатар Міржақыптың шығармалары (өмірбаянымен бірге) берілген. Бұдан кейінгі жылдарда да ақынның шығармашылығы туралы жағымды пікірлер айтылды. Алайда ол халық жауы деп саналған жылдарда білместікпен немесе әдейі бұрмалап айтылған, әр түрлі кінә таққан жорамал пікірлер де аз болған жоқ.

Арада ұзақ жылдар өткеннен кейін туған халқының аяулы азаматы, аса дарынды ақыны, қайсар күрескері, көрнекті қоғам қайраткері Міржақып Дулатов тарихтан мызғымас берік орын алды.

Міржақып өз әдеби шығармаларында қоғам өмірінің саналуан маңызды мәселелерін Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның тілек-талабына сәйкес, батыл қоя білді. Ол Абайға, әсіресе, сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден-бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан үндес. Әрине, бұл жағынан алғанда Міржақып жалғыз емес. Оған ниеттестігімен де, ақындық тұлғасындағы ортақ сипаты молдығы жағынан да айрықша жақын Ахмет Байтұрсыновты атаумен ғана шектелсек, осы екеуінің Абаймен үндестігі бір арнаға келіп құйылатынын байқар едік. Байтұрсынов та, Дулатов та өз шығармаларының ең басты идеялық нысанасы халықты ояту, өнер-ғылымға, адал еңбек етуге, прогресс жолымен алға басуға шақыру деп түсінді. Осыған орай кейбір қоғамдық мәселелер, тақырыптар төңірегіндегі толғаныстарында Ахмет Байтұрсыновтың да, Міржақып Дулатовтың да Абаймен сарындас, жалғас көрінуі ықтимал.

Әрине Абайдың шығармашылығы жан-жақты, көп қырлы, сондықтан ақындық дәстүрлері де әр алуан болатыны анық. Оған әр ақын, жазушы өз жолымен жанасып, өзінше сабақтастық, үндестік танытады. Міржақып шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы жаңашылдық сипатын да айқындай түсетіні сөзсіз. Міржақып шығармашылық өнерінің жаңашылдық сипаты оның идеялық-көркемдік ізденістерінің аса құнды, қуатты болғандығынан, дүниетанымы мен сезім әлемінің, өнерпаздық дарынының ешкімге ұқсамайтын қасиеттері молдығынан екені ешбір талас тудырмайды. Олай болса, Міржақып Дулатовтың, поэзиясы, сан-салады шығармашылық мұрасы - халық игілігіне әрқашан да қызмет ете беретін асыл қазына.

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2063
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2015
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1705
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2737