Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2776 0 пікір 4 Мамыр, 2012 сағат 13:27

Шығыста «Достық» стеласы ашылды

2012 жылдың 1 мамыр күні Облыстық Достық үйі алдында «Достық» стеласының ашылу салтанаты өтті.
Стела Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Республикада алғаш ашылған Облыстық Достық үйінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып бой көтерді. Стела Қазақстан халқының достығын сипаттайды. Оның негізі қонақжай қазақ жерінің нышаны ретінде қолына шаңырақ көтерген қазақ қызының бейнесі. Жан-жаққа төгілген күннің алтын сәулелері біздің жерімізді шуақтандырып тұрады. Стеланың екі жақ шетінен бауырлас қалалардың аты жазылған тақтатастар қойылған.
Стеланың ашылу салтанатына облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, қала әкімі С.Ш.Тәукебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Шығыс Қазақстан Облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Стеланың ашылу салтанатымен қатар келер ұрпаққа жолдау сипатындағы «уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Бұл парақта барлық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен бірге, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолтаңбасы қойылды. Аталған уақыт капсуласы 20 жыл уақыт мерзімінде Өлкетану мұражайында сақталуға тапсырылды.

Аталған іс-шараға облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Өскемен-Қазақстан» телеарнасының түсіру тобы және 200 адам қатысты. Стеланың ашылу салтанатынан кейін этномәдени бірлестіктер ЭМБ төрағалары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастауымен «Қазақстан халқы Бірлігі күніне» арналған мерекелік шеруге қатысты. Шеруді Облыстық Достық үйінің директоры Т.Э.Төлеубекұлы өзінің әсем безендірілген этномәдени бірлестіктердің мүшелерінен құралған легімен бастады. Аталған іс-шараға облыс әкімі Б.М.Сапарбаев қатысты. Мерекелік шеру «Қазақстан халқы Бірлігі күніне» арналған концертке ұласты. Концерттік бағдарламада Облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары белсене қатысты.
http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3529