Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 4 Мамыр, 2012 сағат 13:24

Өскемендік Алпыс Жақинов Халықаралық «Ғұмырдария» фестивалінен жүлдемен оралды

2012 жылдың 26 сәуірінен 1 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен Төртінші Халықаралық, Республикалық «ҒҰМЫРДАРИЯ» жасөспірімдер және балалар шығармашылығы ән-би байқауына Өскемен қаласынан Алпыс Жақинов қатысты. Ол «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша І орынды және «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Алпыс сонымен қатар, маусым айында Турция Республикасында өтетін Халықаралық дәстүрлі ән фестиваліне қатысу үшін жолдамаға ие болды.   
Алматыда өткен Халықаралық фестивальге қатысу үшін Алпысқа Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы демеушілік көмек көрсетті.  
Әкесі Серікқан Алпысұлы Жақияновпен сұхбат барысында, келесіні мәлімдеді: 24 маусымнан 28 маусым аралығында Алматы қаласының Республика сарайында Қазақстан Республикасының Халық әртістерінің қатысуымен өтетін концертке Алпыстың қатысатындығын қуанышпен хабарлады.

ШҚО мәдениет басқармасының
баспасөз-қызметі
http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір