Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3736 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 13:18

Сөзсіз - сөз бостандығы

Бұл күн 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді.

Мамырдың үшінші жұлдызы тегіннен таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияның астанасында барлық мемлекеттердің үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук» декларациясына қол қойылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі.

Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтындығы атап көрсетілген.

Баспасөз бостандығы күніне орай «Әділ сөз» қоры жыл сайын карикатурашылар арасында «Сөзсіз - сөз бостандығы» атты бәйге ұйымдастырып келеді. Бәйге алғандардың ішінде қазақ карикатурашылары: Ғалым Смағұл мен Қал Қораласбаев бар екен. Баспасөз еркіндігі мен бостандығының қорғаны делінетін «Әділ сөз» қорының сайты тек орыс және ағылшын тілінде ғана. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ болғандықтан бәйгенің жай-жапсарын сұғына ұға алмадық.

Сөйтіп, бәйгеге қатысқан Ғалым Смағұл, Қал Қораласбаев, Еркін Нұразхан үшеуінің карикатураларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503