Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3072 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:45

ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ КӨСЕГЕСІ ҚАШАН КӨГЕРЕДІ?

Бүгінде телеарналарымыздан қазақ мультфильмдерін таба алмаймыз. Бәрі шет елдікі. «Неге олай?» деген сұрақ туындайды. Аталарымыз: «Ел болам десең - бесігіңді түзе», - депті. Сонда осы сөздің төркініне әлі бара алмағанымыз ба?..

Еліміз Тәуелсіздігін алып, аяғынан нық тұрып, алға қарай қарымды қадам басуда. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарын қазіргімен салыстырсақ,  жер мен көктей. Тәубе.

Енді әл-ауқатымыз дұрысталған кезде рухани салаға басымдық беретін кез келді емес пе? Ол жағынан да атқарылып жатқан істер баршылық. Бірақ біздің елдегі ақпарат көздеріне үңілсең, соның бәрі желге ұшып жатқан жоқ па деп секем аласың. Біз ересектер таңдап, талғап көретіндей мүмкіндігіміз бар. Ал жастар мен жасөспірімдер ше? Оларға не көрсетіледі - соны көреді. Не тыңдайды, соны бойына сіңіреді.

Өткенде бір газеттен оқыдым. Онда Ресейдің ішкі істер министрі «Қылмысты азайту үшін оның түп тамырына үңілу қажет. Балаларға баяғы тәрбиелік мультфильмдерімізді көптеп көрсету керек», - депті.

Міне, ішкі істердің өкілі айтып отыр! Ал біздің балаларға қазір не көрсетіп жатырмыз? Содан кейін біз қалайша олардан елжандылықты, мейірімділікті, ұлттық рухымызды талап етеміз.

Кейде күйкі тірліктен шаршап, жаныңа пана іздеп шаңырағыңа келсең, алдыңан балаларың жүгіріп шығып, «әке, мен - человек-паук», «мен - Бэтмен» деп тіпті сол кейіпкерлердің өзге тілде айтылған сөздерін қайталап, қарсы алғанда көңілің онан бетер құлазиды. Еріксіз ойға кетесің... Біз балаларымызды кімге айналдырып жатырмыз? Неге болашағымызға көпе-көрінеу осындай қиянат жасаймыз? Біз өз еркіміз өзімізде, болашағымызды өзіміз жоспарлайтын ел емеспіз бе?

Бүгін басқа рухтың, басқа құндылықтардың жетегінде жүріп қалыптасқан баланы ертең өзгерту кеш. Өзіміздің ұлттық тәрбиемізді, тілімізді, болмысымызды сіңіретін қазақ мультфильмдерін көптеп шығаратын кез әлдеқашан өтті. Ештен кеш жақсы. Енді іске кірісетін кез келді ғой.

Жоғарыдағы азаматтар осыған байланысты тез арада қимыл жасамаса, бүгінгі жоғалтқан әрбір жылымыз келешекте ғасырларға тең болары анық. Көл тамшыдан тұрады дегендей бүгіннен бастап мультфильмдерімізді көптеп жасай берсек, біраз жылда тек өз өнімдерімізді көрсететін дәрежеге жетеміз. Бұл мәселеге енді жұрт болып кірісіп, ел басқарып отырған азаматтардан тез арада қолға алуды сұрауымыз қажет.

Тасболат  ЖЕТПІС,

ұстаз

"Халық сөзі" газеті

0 пікір