Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3586 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:15

Алматыда «Жаужүрек мың бала» көркем фильмінің таныстырылымы болды

Қазақ кино өнері үлкен  туындымен толықты. Бұл туралы кеше Алматыда «Жаужүрек мың бала» көркем фильмінің таныстырылымы кезінде айтылды.

«Әр жұмыстың өзіндік бір қиындықтары болады. Қалай  ойнағанымды, киноның қандай дәрежеде екенін көзі қарақты көрермен бағалар. Барынша жақсы ойнап шығуға тырыстым. Алладан тек барлығының көңілінен шықса екен деп тілеймін», - дейді мың бала жасағын бастаушы Сартай рөлін сомдаған Асылхан Төлепов. Бұл Асылханның ең алғашқы басты рөлі болып отыр. Бұған дейін ол Елбасы туралы «Балалық шақ аспаны» фильмінде Н. Назарбаевтың жас кезіндегі досы Қалидің рөлін сомдаған болатын.

А. Төлепов: «Алдымен кітапханаларда отырып, Сартай батырдың өмірбаянын жіті зерттеп шықтым. Әйгілі батыр бабамыздың рөлін сомдау мен үшін үлкен қуаныш. Бұл  өнердегі үлкен жетістік деп ойлаймын», - деді ағынан жарылып. Ал фильмнің қоюшы режиссері Ақан Сатаев өз сөзін: «Бұл фильмнің режиссері болу мен үшін үлкен құрмет»,- деп бір ауыз сөзбен түйіндеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541