Сенбі, 2 Шілде 2022
Жаңалықтар 2968 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 09:55

БАҚ- тардың сөз бостандығы бар елдердің рейтингісі

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат -  Жуырда америкалық Freedom House ұйымы әлем елдерінің баспасөздеріндегі сөз бостандығын анықтайтын зерттеуінің қорытындысын жариялады.

Қырғызстан сол зерттеудегі 197 елдің арасында «сөз бостандығы жоқ» елдердің қатарында тұр. Посткеңестік елдерден Латвия, Литва және Эстония елдерінің БАҚ өкілдері «билікке тәуелсіз» категориясына енсе, Грузия, Украина және Молдова «жартылай тәуелсіз» статусына ие болды. Ресей - 172 орында. Ал әлемдік деңгейдегі сөз бостандығы бар елдердің қатарына жылдағыдай Финляндия, Норвегия, Швеция, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Андорра және Исландия елдері енді. Бұл тізімде Германия 16-ыншы, АҚШ - 22, Ұлыбритания - 31 орында тұр. Ал сөз бостандығы мүлде жоқ елдердің қатарында Иран, Беларусь, Түрікменстан, Солтүстік Корея елдері жатқызылды. «Араб көктемі» төңкерісінен кейін Таяу Шығыс және бірқатар араб елдерінің аталған мәселеге қатысты рейнингісі жоғарылаған.

Мақала «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі, 3 мамыр күні шыққан санында басылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 973
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 819