Сенбі, 2 Шілде 2022
Жаңалықтар 2747 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 07:56

Әміржан Қосанов. Демократ Доспановтың догмалары

Республикаға танымал атыраулық журналист, қоғам қайраткері, «Алтын ғасыр» аймақтық тәуелсіз газетінің бас редакторы Жұмабай Доспанов 60-қа толды. Біздің газет ұжымы мұрат тұтқан азаматтық ұстанымынан айнымаған Жұмекеңді мерейлі датасымен құттықтайды! Осы ораймен Жұмабай мырзаның демократиялық оппозиция майданында біте қайнасқан әріптесі, досы әрі інісі Әміржан Қосановқа қолқа салып, азаматқа арнап мақала жазуын сұраған едік. «Догма» деген доғал ұғым дұрыс жігіттерге қатысты айтылғанда, өңі өзгеріп кетеріне көз жеткізіңіз.

Адуынды да ақкөңіл, айдынды да айбынды Атырау алқабында «Не зат?» деген танымал тіркес бар.

Басқа аймақтағы қазекең кейде оны Батыс Қазақстанның бір ерекшелігін көрсету үшін қалжың ретінде айтып қалады. Менің ұғынуымша, ол тек қана бір заттың қасиетін анықтау үшін пайдаланылатын диалект сөз емес. Оның мән-мағынасы ауқымдырақ.

Осы сөзді жалғастыра әрі оған қабаттастыра айтсақ, қазіргі қазақ қоғамы тағы бір баршаға ортақ тіркеске зәру: ол - «Не адам?» деген сұрақ.

«Заман түлкі болса, тазы боп шал» деп, атам қазақ адамның бойында болатын өзгерістерге жол ашып қойған.

Ал егер заманың түлкі емес, одан да өткен, тазы ала алмайтын қанішер болса, адам кім болу керек?..

Республикаға танымал атыраулық журналист, қоғам қайраткері, «Алтын ғасыр» аймақтық тәуелсіз газетінің бас редакторы Жұмабай Доспанов 60-қа толды. Біздің газет ұжымы мұрат тұтқан азаматтық ұстанымынан айнымаған Жұмекеңді мерейлі датасымен құттықтайды! Осы ораймен Жұмабай мырзаның демократиялық оппозиция майданында біте қайнасқан әріптесі, досы әрі інісі Әміржан Қосановқа қолқа салып, азаматқа арнап мақала жазуын сұраған едік. «Догма» деген доғал ұғым дұрыс жігіттерге қатысты айтылғанда, өңі өзгеріп кетеріне көз жеткізіңіз.

Адуынды да ақкөңіл, айдынды да айбынды Атырау алқабында «Не зат?» деген танымал тіркес бар.

Басқа аймақтағы қазекең кейде оны Батыс Қазақстанның бір ерекшелігін көрсету үшін қалжың ретінде айтып қалады. Менің ұғынуымша, ол тек қана бір заттың қасиетін анықтау үшін пайдаланылатын диалект сөз емес. Оның мән-мағынасы ауқымдырақ.

Осы сөзді жалғастыра әрі оған қабаттастыра айтсақ, қазіргі қазақ қоғамы тағы бір баршаға ортақ тіркеске зәру: ол - «Не адам?» деген сұрақ.

«Заман түлкі болса, тазы боп шал» деп, атам қазақ адамның бойында болатын өзгерістерге жол ашып қойған.

Ал егер заманың түлкі емес, одан да өткен, тазы ала алмайтын қанішер болса, адам кім болу керек?..

Сол себепті мен бүгін танымал журналист, ақын әрі жазушы, қоғам қайраткері Жұмабай Доспановқа қатысты «Не адам?» деген сауалға жауап бергім келеді...

Дактилоскопия деген ғылым бар, яғни Жер бетіндегі әрбір адамның саусақтарының ізі қайталанбайды. Ол деген Жаратқан ием өз қолымен салған әлемдік картина галереясында қазірдің өзінде 6 миллиардтан жеке қолтаңба бар деген сөз! Әлі қаншамасы, Алланың өзі қаласа, галереяға енеді.

Осы ой баршаға аян. Мен оған мынандай қосымша айтқым келеді: тек саусақтардың ізі ғана емес, адамның миының иірімдері де, жүрегінің бойындағы тамырларының суреттемесі де қайталанбайды!

Мен Жұмабай Доспанов туралы әңгімені осылайша бастауымның өзіндік (ол да қайталанбас деуге болады) себептері бар.

Қазір кім көп, өзін «оппозиционер» атайтын саясаткер көп. Оған да шүкір, яғни билікке ашық сын айту дәстүрі ел ішінде біршама қалыптасып қалды. Баяғыдай тұтас елді жайлап, жаулап алған үрей жоқ.  Әйтпесе, көзге түскісі келген кейбір саясаткерлер «оппозиция» деген сөзді аузына да алмас еді.

Ал осыдан 15 жыл бұрын ше? Ол кезде президенттің өзі 57-ге енді толған кезі. 1997 жылы биліктің ауысуы туралы айтуды былай қойғанда, ойлаудың өзі фантастика еді ғой.

Міне, нақ сол кезде ел ішіндегі саяси тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығып, басқаның емес, нақ президенттің жеке саяси жауапкершілігі туралы жасқанбай айтқан бір партия дүниеге келді. Әкежан Қажыгелдин бастап, Ғазиз Алдамжаров, Асылбек Қожахметов, Нұрболат Масанов, Ермұрат Бапи (арасында мен де бармын) қостап, Қазақстан Республикалық Халықтық партия саяси аренаға шықты. Мықты шықты! РНПК-ның бір жетістігі - саяси жұмыс Алматының орталығынан асып, облыстарға, ауыл-аймаққа қанат жая бастады. Жергілікті жерлерде беделді тұлғалар танылып, ел ілтипатына ие бола бастады. Солардың бір төбесі - Жұмабай Доспанов.

РНПК билік нақты санасатын зор күшке айналды. Зор болғаны сонша, қорыққанында қос РНПК көрінген билік ондағы азаматтарды дәл солай, «зор» қудалай бастады!

Тек қана партия басындағыларға емес, облыстағы жетекшілер мен қатардағы белсенділерге қысым өте-мөте күшейді. Олардың көрмегені жоқ еді!

Сол қыспақтың, көпе-көрінеу қудалаудың «қуырдағын» түйені сойғанда емес, жалғыз Жұмекеңе облыстың барлық құқық қорлау (қорғау емес, қорлау!) күштері лап қойғанда көрдік! Саяси қуғын жағынан Жұмекең Гиннес рекордтарының кітабына кіруге әбден лайық! Жалғыз өзінің алтын басына жалпы саны 44 (!) қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс қозғалып, одан сот арқылы өндіріп алынуға тиіс қаржы 48  миллион теңгеге (!) жеткен!

Бұл айтуға ғана оңай көрсеткіш, әрбір істің, соттың артында қаншама қиыншылық пен уайым тұр. Оны көп адам біле бермейді де!

Доспановтың бір догмасы сол - қиналса да айтқанынан, істегенінен қайтпады. Бүгін оппозицияда, ертең билікке оп-оңай ауысып, содан кейін түк болмағандай жер басып жүргендерге бұл - үлкен сабақ!

Қоғам қандай болса, оның құрамдас бір бөлігі оппозиция да сондай! Қоғам бойында бар қасиеттердің жақсысы да, жаманы да оппозициядан табылады.

Сол сияқты, билікке қарсы шығып жүрген біздің арамыздан батылдық, табандылық, елжандылықпен бірге басқа да пендешілікке жақында қасиеттер бой көрсетіп қалатыны рас. Бес саусақтың бәрі бірдей емес.

Өз тәжірибемнен білетінім - саяси оппозицияда жүрген белгілі тұлғаларды екіге бөлуге болады: қызғаншақ пен... кең, көре алмаушы мен... кең, ретсіз көкірек пен... кең.

Сол кеңдік бір адамнан табылса, Жұмабай Доспановтан табылады!

Қиын да қилы, партиялар мен тұлғалар ауысып жатқан осы кезеңде мен оның бір ұйым не жеке қайраткер хақында бір ауыз жаман сөз айтқанын естімеппін! Керісінше, оппозиция қатарына қосылған кез келген тұлғаның тілеуін тілеу, жақсылығын асыру, жамандығын жасыру.

Мәселен, «АЗАТ» және ЖСДП секілді екі үлкен партияның аймақтарда бірігу кезінде, бір төраға өз орнын екінші төрағаға беруі қажет болды. Бар жағынан төраға болуға лайықты Жұмекең: «Бірге болуымыз керек! «АЗАТтық» азамат басқарсын, мен жай орынбасары болайын!», - деп кішірейе салды.

Ортақ істің баяндылығы үшін өз амбициясын ысырып қойып, осылайша кішірейе салатын қайраткерлер орталықта көп пе?

Тар жерге көп болып жиналу қиын. Міне, сол кеңдігінің арқасында Жұмекең әртүрлі мінезді де пікірлі әріптестерді өз маңайына топтастыра білді. Атырауда оның жанында бәрі топтасты: оңшыл да, солшыл да, центрист те, керек десеңіз, өзінің қай бағытта жүргенін білмесе де, билікке сын айтып жүргендер де! Билікті жек көретіндер де, керісінше, билік пен оппозицияның тіл табысуы қажет деушілер де Жұмекеңмен жақсы!

Бірігу жолында өз амбициясын тәрк ету, оппозицияда жүрген ешкімді бөле-жармау - демократ Доспановтың тағы бір догмасы.

Мен Алланы аузынан тастамай, жұма сайын намазға барып, күнәсін жуып алып, сол кеште келесі күнәға батуды әдет еткен, өзінің діндарлығын орынды-орынсыз жарнамалауды жаны сүйетін, әртүрлі жолмен тапқан ақшасына ауылына мешіт салдырып, өз атын беріп жатқан талай...  атеистерді білемін!

Олардың «Құдайы» - сыртында, Жұмекеңнің Құдайы - ішінде, жүрегінде!

Талай жыл ізденіп, талмай зерттеп, тылсым тарих пен терең тәрбиеге жол ашатын «Бекет ата: аңыз бен ақиқат» кітабын жазды. Арнайы білімді қажет ететін, екінің бірі түсіне бермейтін теологтардың томдары сияқты емес, тап-тұйнақтай, кез келген адам ұғынарлықтай, қарапайым болса да, қарабайыр емес туынды. Тұтастай ғылыми институттар атқара алмай жүрген еңбекті жалғыз өзі, оның үстіне билікпен таласып, тармасып жүріп, жазды. Сол кітаптың жазылуына әрі шығуына ұрпағына риза болған Бекет Атаның өзі көмектескен болар...

Құдайға сенсе де, идеяға сенсе де, адамға сенсе де жан-тәнімен берілу - Доспановтың тағы бір догмасы!

Ақын ақынды балықшы секілді алыстан таниды. Өзім де өлең жазатын болғандықтан, мен Жұмекеңнің жыр жазуға әуестігін аса бір түсіністікпен қабылдаймын. Жақында ғана жарық көрген  «Шуақты күндер» мен «Жұлдызды түндер» өлең жинақтары - таза да табиғи, әрі адами лириканың тәп-тәуір үлгілері.

Мен ақындарды шартты түрде екіге бөлемін. Бірі - «Менен асқан ақын жоқ!», - деушілер. Екіншісі - «Жыр жазбайтын қазақ бар ма? Өзімнің жүрекжарды жырым осы. Поэзия деген әрбір адамның жеке қабылдауына байланысты емес пе? Бағасын оқырман бере жатар», - дейді.

Және де бір байқағаным: адам неғұрлым талантты болса, соғұрлым екінші топқа жақындау болады. Және керісінше...

Жұмекең - екінші категорияға жататын ақын.

Журналистика деген кәсіп бар. Оның сан саласы тағы бар.

Өкінішке орай, саясатты олигархтар өзара сатып алған, «аттөбелизация» заманы біздің мамандыққа бір жиіркенішті дерт алып келді. Яғни, әрбір БАҚ өз құрылтайшысының сойылын соғады, соны жер мен көкке сыйғызбай мақтайды, ал қожайынының бәсекелестерін жермен жексен етіп, даттайды. Журналистканы «екінші ең көне мамандықпен» (яғни жезөкшелікпен) теңеу де құлаққа үйреншікті нәрсе боп қалды. Редакциялық ұжымның, жеке журналистің өз пікірі деген далада қалды.

Жоғары жақтан қыруар ақшаға БАҚ құру (не бұрынғысын сатып алу) дәстүрі осындай келеңсіз, тұтас бір кәсіпке абырой бермес жайтқа алып келді.

Доспанов болса, өзінің БАҚ-тарын төменнен құрды. Қаржыны тірнектеп жүріп өзі тапты, тауып та келеді. Сондықтан оның басылымдарында бір жеке тұлға немесе саяси ұйымның басымдылығын байқамаймыз. Әкімдер де осында, оппозиция да осында, үшінші күштер де осында. Яғни, шынайы пікір алуандығы. Ол құрған алғаш тәуелсіз газеттің аты да Доспановтың тағы бір догмасына сай - «Ар-Честь».

Сөз соңында айтарым мынау. Әрине, демократ догматик болмайды.

Бірақ кез келген еркін ойлы демократтың ішінде адам сыйлар қаситтерге негізделген бұлжымас ішкі догмалары болуы тиіс.

Онсыз «Не адам?» деген сауалға жауап беру тіпті қиын болып кетеді...

«Дат» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 968
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 813