Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 10:56

Шәріпхан Қайсар. Мектеп бітірушілер кеші, парақорлық һәм шенеуніктердің бизнесі

Қырғыз билігі түлектердің мектеп бітіру сауығын кешке де,  түнде де атап өтуіне тыйым салды. Бұл бұйрыққа Қырғызстан республикасының Білім және ғылым министрі Қанат Садықов қол қойған.

Аталмыш бұйрықта  бітірушілердің мектеп бітіруге қатысты барлық шаралары таңғы сағат 10:00-де өтуі тиіс екені көрсетілген. Түлектері бұл талапты орындамаған мектептердің директорлары қызметінен шеттетіледі. Таратылған жариясөзде, қабылданған құжат бойынша мектеп бітіру кешін ойын-сауық мекемелерінде, дәмханаларда, мейрамханаларда және табиғат аясында өткізуге болмайтыны ескертілген.

Қазақ түлектері биылғы жылдың ақпан айынан бастап барлық қалалардағы мейрамханаларды алдын ала жалға алуда. Бұл күндері жыл сайын түлектер неше түрлі қылмыс пен берекесіздікке, азғындыққа баратыны мәлім болса да, ата-аналар бұған мән бермей отыр. Бұның ішінде сексуалдық «қызғынның» болатынын айтуға ауыз бармаса да, жасыра алмаймыз.

Ата-аналар балаларының айтқанын қылып, қыруар ақшаға шығындалып, бір күнгі көйлек пен бешпет-шалбарды былай қойғанда, мектеп пен олардың басшылығына, ұстаздарға түрлі жолдармен пара-сыйлықтар әзірлеуде. Бұған тағы бір себеп, ірі қалалардағы мейрамханалар ұры-шенеуніктердің иелігі болып есептеледі, олар білім жүйесі арқылы бұл күндері табысты еселеп алатыны түсінікті. Қысқасы, бұл «түлек-пара» аталатын қырманға айналған науқан Қазақстанда әлі де өз күшінде. Тәуелсіз сарапшылардың есебінше, Түлек күні ата-ана баласының бір жылғы оқу пұлын шашады екен.

Бұған батыл шешім қабылдау қазақстандық БҒМ қолынан келмей отыр. Себебі, елдік деңгейдегі саяси шешімдер ұрлық пен паралық жолмен билікке барған «элита» арқылы қабылданатындықтан, қырғыздық шешім қазақтың әзір түсіне де кірмей отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610