Сәрсенбі, 18 Мамыр 2022
Жаңалықтар 3338 0 пікір 1 Мамыр, 2012 сағат 08:35

«Өтті бір өмір осылай»

Өткен жексенбі күні Алматыда Бәтима Жакулинаның «Өтті бір өмір осылай» деп аталатын ғұмырбаяндық кітабының тұсаукесері болып өтті. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы қызылдардың қазаққа жүргізген қасақана қырғын саясатының кесірінен кіндік жұртынан айырылып, өзге елде тағдырдың тауқыметін тартып, небір қилы қиын кезеңдерді бастан кешірген жанның бірі - Бәтима Жакулина.
Аузы дуалы Ақтайлақ бидің ұрпағы Бәтима Құлмұқанқызының «Өтті бір өмір осылай» кітабының тұсаукесеріне жазушы Қабдеш Жұмаділов, ғалым Серік Қорабай сынды зиялылар қатысып, автор мен кітап турасындағы ойларымен бөлісті.
Ғұмырбаяндық кітаптың ерекшелігі оның екі империя - Қытай мен Совет өкіметтерінің қанқұйлы саясат жүргізген тарихи кезеңдеріндегі адам тағдырының - текті қазақтың тағдырының боямасыз, әсіреқызылсыз нақты толық баяндалуында.
Төменде ақын Алмас Ахметбекұлы дайындаған «Өтті бір өмір осылай» кітабы жөніндегі шағын мақаланы ұсынып отырмыз.
«Абай-ақпарат»

Арқадан ауған асылдар

Өткен жексенбі күні Алматыда Бәтима Жакулинаның «Өтті бір өмір осылай» деп аталатын ғұмырбаяндық кітабының тұсаукесері болып өтті. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы қызылдардың қазаққа жүргізген қасақана қырғын саясатының кесірінен кіндік жұртынан айырылып, өзге елде тағдырдың тауқыметін тартып, небір қилы қиын кезеңдерді бастан кешірген жанның бірі - Бәтима Жакулина.
Аузы дуалы Ақтайлақ бидің ұрпағы Бәтима Құлмұқанқызының «Өтті бір өмір осылай» кітабының тұсаукесеріне жазушы Қабдеш Жұмаділов, ғалым Серік Қорабай сынды зиялылар қатысып, автор мен кітап турасындағы ойларымен бөлісті.
Ғұмырбаяндық кітаптың ерекшелігі оның екі империя - Қытай мен Совет өкіметтерінің қанқұйлы саясат жүргізген тарихи кезеңдеріндегі адам тағдырының - текті қазақтың тағдырының боямасыз, әсіреқызылсыз нақты толық баяндалуында.
Төменде ақын Алмас Ахметбекұлы дайындаған «Өтті бір өмір осылай» кітабы жөніндегі шағын мақаланы ұсынып отырмыз.
«Абай-ақпарат»

Арқадан ауған асылдар

Өткен ғасырда қазақ халқының басынан өткен нәубетті жылдар тірі қалу мен ірі қалудың тауқыметті күресі Жакулин әулетінің бірнеше ұрпағын шарпып, шалып, шыңдап өтті. Бүгінгі кітаптың авторы Бәтима Құлмұқанқызы да, өмірлік жары Әнуар Жакулаұлы да аштық жылдары ата-анасымен бірге атажұрттан қуылған, азапқа толы ғұмырды арпалыспен өткізген, сөйте жүріп, қызмет пен қошеметтің биік деңгейіне жеткен тұлғалар.
Автордың әйгілі ататегі де, өздері өмір сүрген дәуір де Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш», «Прометей алауы», «Таңғажайып дүниесінде», әйгілі Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романында және ғалым, жазушы, Сұлтан Жанболаттың «Біз» атты көптомдық роман эссесінде көркем кейіпкер ретінде суреттеледі. Бір ғана Шәуешек қаласы мен онда өмір сүрген тарихи тұлғалар аталған авторлардың шығармаларында әр қырынан жазылады. Ал бұл жолғы Бәтима Жакулина «Өтті бір өмір осылай» атты кітабында әйгілі жазушылармен ортақ тақырыпқа тағы бір қырынан келеді. Онда ананың көзімен, әйел затының болмысымен аса әсерлі пайым жасайды. Кітапта автордың ататегімен, 30-жылдардағы аштық, қуғын-сүргін, Шыңжаңдағы аласапыран дәуір өмір спектаклінің басты ойыншысы болған осынау саяси тұлғалардың санасынан өтіп жатады. Кітаптың алғысөзінде Асқар Жакулин айтқандай, кітап «Шыңжаң халық баспасынан» шыққан цензура сүзгісінен өткен басылымның көшірмесі болғанына қарамастан уақиғасы тартымды, тілі жеңіл тағылымды еңбек болған. Автордың ұлы - Асқар Жакулин анасының аталған кітабын бұдан 80 жыл бұрын аштан қырылған, босқын болған миллиондаған қазақтың рухына арнайды...

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері:
- Жазушы жуықта қайта басылған «Ақтайлақ шежіресін» ақтарып отырып, тағы бір нәрсеге таңырқап қалды. Ол Қытайдағы, Үрімжі қаласында тұратын бір адамдарды білуші еді. Оның бірі - белгілі журналист, ғалым, ұзақ жыл өлкелік «Шыңжаң газетінің» бас редакторы болған Бұлантай Досжанұлы да, екіншісі - белгілі қоғам қайраткері, бүкіл қытайлық халық құрылтайының депутаты болған Бәтима Жакулина.
Сөйтсе, жаңағы екі кісі де Ақтайлақтың Жараспай деген үшінші ұлынан тарайды екен. Бұлантай - Досжанның, Бәтима -Бекжанның немересі... Демек, жазушы мен Ақтайлақ ұрпақтары арасында ертеден келе жатқан бір нәзік жіп бар. Сол жіпті үзіп алмау керек...
Қ.Жұмаділов шығармалары ХІ том 260 бет.
«Прометей алауы» романының эпилогынан

АРҚАДАН АУҒАНДА...
(«Өтті бір өмір осылай» кітабынан үзінді)
Менің сәбилік, балалық шағым да, ес біліп, етек жиған, өмірді құлай сүйе бастаған жастық шағым да шешем айтатын тәмсілдегі «Мысыр шәрі» болып, көңіліне ұялаған Шәуешек қа-ласында өтті. Мен Қазақстанның Семей облысына қарайтын Еңірекей деген жерінде дү-ниеге келіппін. Әкем қуғында жүріп, мен жасқа тола берген кезде дүние салған көрінеді.
1930 жылдары кеңестік Қазақстанды бір жақтан ашаршылық жайлапты, енді бір жақтан мүсәдіралау (тәркілеу), айдау-қуғындау, жер аудару сияқты солақай саясат салған лаңнан зәрезап болған ел алды-алдына бас сауғалап, тұс-тұсқа қаша бастапты... «Балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей заман болыпты, бас білігі, ақыл көрсетер, қарайласар адамы болмаған шешем сол қашқан елге ілесіп,
1933 жылы жазғытұрым үш жастағы мені арқасына таңып алып, үш жүз шақырымнан астам жол басып, тау асып Еңiрекейден Шәуешекке келіпті.
Шешем маған осы жағдайларды, әсіресе, Шәуешекке не үшін келгеніміз, алғаш келген кездегі күнкөрісіміз жайында тәптіштеп ұқтырып, әңгімелеп отыратын:
- Біз қайнаған базардың у-шуынан аулақ, қазақтың кең сахарасында, таза ауада тыныс алып, жазы-қысы төрт түлік малдың бабына қарай қоныс аударып, көшіп-қонып жүрге-німізге мәз болып өткен халықпыз ғой, бұны өмірдің бізге еншілеген қызығы, бұрын-соңды өмір жолы осы сүрдекпен өткен, бұдан былай да осылай өте береміз деп ойлайтын-быз. Біздің ойымыздың жеткен жері осы екен. Ол бір кең тыныстайтын дүние ғой шіркін! Ал қазір не күн көріп отырмыз? Ел қайда,
жайлау қайда? Туыс-туған, жегжат бауырластарымыз қайда?.. Быт-шыт болып бытырадық та кеттік.
Бұрын үлкендер жағы Николай деген патша бар, бәрін сол билейді дейтін. Оның қазақпен қаншалық қатысы барын біліп жатқанымыз
жоқ, еркектер «Николай қазаққа оң көзімен қарамайды» дегендей бірдеңелерді өзара сөй-леседі. Біздің білетініміз - қазан-ошақ, ол істермен шаруасы болмайды, бар істі солар тындырады деп түсінетінбіз.
- Ойпырым-ай, жаңа үкімет дегеніміз керемет көрінеді. Николайды тақтан жұлып алыпты. Барлық адамды теңдікке жеткізеді екен, - деп қуанып, масайрап жүргендер де болды. Оған біз қуанып та, қайғырып та кетпегенбіз. Қалайдан-қалай болғанын білмей де қалдық, аяқ астынан ауылдағы шолақбелсенділер:
- Жаңа үкімет біздікі, кедейдікі, бұдан былай елді біз басқарамыз, сендердің күндерің келмеске кетті, көкелеріңді көздеріңе көрсетіп, көздеріңе көк шыбын үймелетеміз, сендердің таптарың жат, біз белсендіміз, ақжүрекпіз, балшабекпіз (большевик), - деп басымызға әңгіртаяқ ойнатып, айқұлақтанатынды шығарды, көпе-көрінеу малымызды апарып сойып алады, тіпті өрескелі әйелдерін айдап салып, жайып қойған құртқа тыныш-тық бермейді.
- Бұл қалай болып барады, осыларды айтақтап отырған біреу бар ма? Большевигі не айтып жүрген, белсенді дегені қалай, кім белгілеп қойды осыларды, жоғарыдан ұлық келгенін естіген-көрген ешкім жоқ. Мұның арты неге соғар екен, - деп таңырқаймыз, қарсыласа алмаймыз. Қорқып әбден есіміз шықты. Аралас-құралас болып жүретін көрші-қолаң, мал-шы-қойшылар:
- Ол есуастар аузына келгенін айта береді, онша шошып кетпеңіздер, - деп түнделетіп келіп көңілімізге тоқтау салып кетеді, бұл олардың көңілі ғой. Күніне бір жаңалық шығады. Осы аралықта кісі басы налог (астық тапсыратын салық) тапсырасыңдар деген бір жарлық шықты. Қазақ байғұста астық бола ма, астық тапсырмадың деп еркектердің айдағанын айдап кетті, қалғаны тау-тас аралап қашып кетті, үйге жолай алмайды. Мүсәді-ралаймыз деп малды алды, көзіне көрінген өңі түзу нәрселерді қидай сыпырды.
- Малдан айырылған соң қазақ қалай күн көреді, аш-жалаңаш қалатындай үрей үйіріліп, ес-ақылдан айырылдық. Елдің бәрі жан сауғалап үркіп, үйін тігулі күйінше тастап, түн-делетіп бет-бетімен қаша бастады. Біреуге-біреудің қарайлауға күйі келмейді. Бізде бірде-бір еркек кіндікті жоқ, біз басқа кем болдық. Әкеңе өзімнің бауырымның қызын алып бер-генмін, не керегі бар, құдай саған еретін бір шыр етіп бермеді, жалғыз сенің көзіңе қараймыз. Әйелдерге еркіндік беріледі, екі қатын алуға болмайды деген соң Қамилаш тә-тең (кіші шешем) амалсыз басын ашып кеткен (басына еркіндік алған). Әкең сол қашқаннан қайтпады, сені аштан өлтіріп аламын ба деп шошыдым. Сонымен, үріккен елге ілесіп жүріп кеттім. Ол кезде сен үш жастасың, ел аралап Шәуешекке бет алып келе жа-тырмыз. Ел: «Шәуешек деген молшылық, қазақтар көп, осы жақтағылардың көбі сонда ауып барып жатыр, қытайлар орыстардай емес, кеңқолтық халық, шетке қақпайды екен», - деп үлкен сеніммен әңгімелейді. Осылар бірдеңені білетін шығар, бекер отырып аштан өлмейік деп, солармен еріп кеттім ғой, ой-хой дүние-ай, десеңші! Ақылдасар адам жоқ. Ол жерге барғанда қайда паналаймын, қалай жан бағамын, қайда барып, қайда тұрамыз дегенге ой жүгіртпеппін. Басымызға шынайы қиямет келгенін білдім. Ел ішінде келе жат-қанда аш қалмадық. Әйтеуір қазақтың еншісі бөлінбеген дастарқаны бар-жоғымен жайы-лады. Кейбір тегімізді білетіндер өз жағдайлары онша оңып тұрмаса да, бірнеше күнге ұстап қалады. Ел арасынан шығып, Көктұма деген жерден өткен соң, күніміз қараң болды. Ары қарай жүрсек, бақылаушылар аттап бастырмайды, шекара дегеннен өте қою оңай іс емес екен. Қасқыр иттерін жетелеген шолғыншы қарауылдар ұстап алса, қайта айдап апарып ананы баладан, баланы анадан бөліп қамап тастайды екен деген дақпыртты естігенде зәрең қалмайды. Әйтеуір жол бастаушылардың арқасында өлдім-талдым дегенде шекарадан өтіп едік. Екі жағы тау алаңқай жерге жеткенде төрт-бес шаңғылы азамат сырғанап келіп, бізді тырп еткізбей тұрғызып қойып, ақтарып-тінтіп бар-жоғымызды сы-пырып алды да, тұра жөнелді. Бізде оларға қарсы тұрар қауқар, араша тілеп айқайлар шама жоқ. Алдында соларды байқаған жерде арамыздағы көзқарақтылар:
- Апыр-ай қапы қалғанымыз-ай, түнделетіп бір-екіден бөлініп өтсек болар еді, шекарадан өттік, енді ештеме жолықпас деп қатерді шамалай алмай, көрнеу мен мұндалап, өзімізді-өзіміз ұстап бергеніміз-ай, - десті. Үлкендер бізге балалар бірін-бірі қуалаған болып, алдыға өтіп жүре берсін деген еді. Мен бар қолымыздағыны сенің қойны-қойнышыңа тығып, балаларға қосқанмын, сен ере алмай кетіп барасың, сөйтсек әлгілер ел тонап үйренген қулар екен. Бізден ұтымдырақ ойлап, алдымен бір-екеуі жүгіріп барып сендерді тінтіп, бәрін сыпырып алды. Ол жаққа өткенде бір керегімізге жарар деген жүзік, білезік, шолпы, тіпті сенің казекейіңе (комзол) таққан теңге түймелерге дейін алыпты. Өздері жұмбақтап сөйлей ме, қалай тілдескенін ұғуға болмайды. Жалынбадық, одан ештеме өнбейтінін біліп тұрмыз.
Жазғытұрым ызғырық жел бет қаратпайды. Оның үстіне кедір-бұдыр жер бедері ойдым-шұңқыр, қасат қарда жығылып-сүрініп әрең жүріп келеміз. Бірнеше аласалау қырқалардан өте бере қалың тал-терек көзге шалынды. Іздеп келе жатқан Шәуешегіміз осы екен...

Қажығұмар ШАБДАНҰЛЫ, (1925-2011) «Алтын қалам» және «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының, «Ұлттық рух» халықтық сыйлығының иегері:
... Айтолқын, көңіл айтуға келген Күлән екеумізге шағынып, ұзақ жылады. Әрең шыққан нәзік қана үні мен егіле жоқтаған толқынды жыры буырқанған тасқындай, бізді де ала жөнелді. Қалтырап бүгіле егілдік. Ауыр қасірет пен кернеген мұң-зар, ақындықтың керемет дарынымен ағытылды. Бұрын ешкім айтып, ия жазып көрмеген жоқтау жыры да, оған лайықтап шығарған әуені де өзгеше тың бүтіндей жаңа, әрқандай тасжүректі де ерітетіндей кемелетке жетіпті. Мен, еңсегей бойлы Әділбекті есіме алып, егіліп кеттім...
Қ. Шабданұлы «Қылмыс» VІ том 481-бет. (Айтолқын мен Әділбек -Бәтима мен Әнуардың көркем бейнесі)

Сұлтан ЖАНБОЛАТ, профессор, жазушы, ҚХР-дағы көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері:
... Атақты Ақтайлақтан Кеңесбай би одан Жарқымбай би, одан Ыбырайым туады. Менің кейіпкерім -Бәту апайдың әкесі Құлмұхан - осы Ыбырайымның ұлы. Мен «Біз» атты ғұмырнамалық трилогиямда Бәту апайды «қасқадан туған ақбоз, асылдан шыққан алып» атап, «Бәту апай он неше миллион халқы бар Шиңжяңдағы әйгілі бірлестігінің төрайымына орынбасар, тұңғыш шыққан «Шинжяң әйелдері» журналына бас редактор болды. ШҰАР Саяси Мәсихат кеңесіне алқа мүше, бүкіл мемлекеттік (бір миллиардтан астам халықтың) Саяси Мәслихат кеңесіне депутаттыққа дейін барды...
(Автордың «Ақбоздың арғы тегі» атты еңбегінен)

Зейнолла Сәнік, ҚХР Жазушылар одағының, фольклор одағының, түрік тілі қоғамының мүшесі, ҚХР халықаралық әдебиет сыйлығы «Алтын орденінің» иегері:

- Бәту апайдың замандасы марқұм Нұрдолла («Қылмыс» романындағы қутілді Нұрәлі) ол кісінің тапқырлығы мен шешендігіне, дәстүрге білгірлігіне қарап «Шолақ би» дейтін. «Ей білмейсіңдер ме? ол кісінің бойында қазақтың марқасқа тұлғаларына, айтулы аза-маттарына біткен дүниенің бәрі бар... еркек болу ғана жетпей тұр» дейтін. Шынында да Бәтудің ататегі әйгілі адамдармен араласып жатқаны, айталық: Мұхтар Әуезовтің әжесі - Дінасыл Бәтиманың атасы -Жарқынбайдың қарындасы екенін, ал күйеуі Әнуардың әкесі Жакула оқыған дәрігер, болыс, күрескер әрі Алаш қозғалысының соңғы қарулы көтерілісін ұйымдастырған тұлға екенін бұл күнде біз айтуға міндеттіміз.
Дайындаған А.Ахметбекұлы

0 пікір