Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4913 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 08:34

Тіл білмейтіндерге талапты күшейту керек

Қазір тіл туралы не айтсақ та, не жазсақ та қолға ұстар нәтижені көрер, көрсетер кезең туды. Мемлекеттік тіліміздің мұндай ұзақ мерзімді эволюциясын белгілі бір себептерге сүйеніп, объективті түрде дәлелдеуге де болар. Бірақ сол ұзақ мерзімнің де бітетін уақыты келген сыңайлы. Оны біз Президентіміз бен Үкіметтің соңғы кездегі қабылдаған құжаттарынан көріп отырмыз. Олардың ең соңғылары - "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" және Президенттің халыққа Жолдауындағы мемлекеттік тіл бағытындағы тұжырымдары. Бір көңілге медеу тұтатынымыз, бағдарламада мемлекеттік тілімізді өркендету бағытында көптеген жанды мәселелер күн тәртібіне қойылған. Сонымен қатар, кейінгі жылдардағы Президенттің халыққа Жолдауларында «мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 100 пайызға дейін ұлғайту» көзделді. Бұл да Білім министрлігінің иығына артылып отырған орасан зор міндет десе болады. Қазақстандағы жалпы білім беретін 7576 мектептің 1591-і орыс тілінде, 2089-ы (30 пайызы) аралас мектеп екен. Осы аралас мектептегі қазақ балаларының сөйлесудегі қолданыс тілі - орыс тілі екенін дәлелдеу қажет болмас.

Мұның өзі күн санап аралас мектептен арылу қажеттігі туындап отырғанын көрсетеді. Екіншіден, қазақ отбасыларының өз балаларын тек қана қазақ мектебіне берулері жөнінде қыруар жұмыс жүргізу қажет. Солардың бірі - ата-аналар арасында үздіксіз түсіндіруді қолға алу керек. Тіпті, бір кездердегі Шона Смаханұлының әдіс-тәсілдерін пайдаланса да әбестігі жоқ. Мәселен, біздің Жаңаөзенде халықтың жүз пайызы дерлік - қазақтар. Соған қарамастан, 1 онжылдық және 1 бастауыш орыс мектебі бар. Онжылдық мектепте оқитындардың - 86,5 пайызы, бастауыш мектепте оқитындардың 93 пайызы - қазақ балалары. Тіпті, қазақ балабақшаларының арасында ашылған орыс топтары да ұшырасып қалады. Бұл мәселелерді жоғарыда аталған құжаттарды негізге ала отырып шешуге болады деп ойлаймын.
Бағдарламаның маңызды тұстарының бірі - "мемлекеттік тілде сөйлеуші адамның беделді ("сәнді") бейнесін қалыптастыру" деген жері. Біз кешегі кеңестік идеологияның арқасында қазақтығымызға «ұялдық емес пе», ол аурудан әлі де құлан-таза арыла қойған жоқпыз. Бірақ, бұл мемлекеттік тілде сөйлеуші жанның беделді «сәнді» бейнесін қалыптастыру үшін қандай шаралар іске асырылмақ? Менің ойымша, олар:
- лауазымды және жоғарғы жалақылы орындарға қазақ тілін білмейтіндерді қабылдамау;
- қазақы мамандарды материалдық, моральдық тұрғыдан көтермелеу;
- барлық оқу, қызмет түрлерінде қазақ тілінен емтихан алу;
- идеологиялық, мәдени орындарға қазақ мамандарын көбірек тарту;
- барлық жұмысқа кіруші адамдардан құжаттарды тек қазақ тілінде қабылдау, т.б.
Сонымен бірге, біз қазірге дейін мемлекеттік тілді қорлауға барғандардың беттеріне жел болып тие алмай келеміз. Себебі - оларды тәртіпке шақыратын тетік болмады. Ал мына бағдарламада бұл үшін «жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі" деген жолдар бар екен. Осы құжат бойынша тиісті орындардың, ұйымдардың азаматтардың қызметі қадағаланса дейсің. Сондықтан, бұл бағдарламаның орындалысын жүйелі түрде тексеру қажет.
Шынын айтсақ, мемлекеттік тіл мәселесінде өзге ұлтты кінәлауымыз орынсыз. Қазақша білмейтін қазақтарға талапты күшейткен жөн. Қазақша жақсы сөйлеп-жаза білмейтін қазақтарға жоғарғы қызмет ұсынбау қажет.
Тағы бір мәселе. Қазірдің өзінде елімізде кәсіпкерлердің үлес салмағы күннен-күнге өсуде. Бұл, әрине, игі құбылыс. Бағдарламада олардың мемлекеттік тіл бағытындағы міндеттері жөнінде ештеңе жоқ. Кәсіпкерлер, ірі-ірі акционерлік қоғамдар мен компаниялар мемлекеттік тілден шет қалатын болса, қазақшамыздың мемлекеттік дәрежеге көтерілуі неғайбіл.
Мәселен, күні бүгін қоғамдық орындардың, тіл мен мәдениетке жауапты мемлекеттік бөлімдердің прокурордың рұқсатынсыз кәсіпкерлердің тіл мәселесін тексеруіне, зерттеуіне құқықтары жоқ. Осы жағдайдың реттелгені дұрыс.
Байбазар ЕРБАҚЫ,
Жаңаөзен қалалық
"Қазақ тілі" ұйымының төрағасы
Маңғыстау облысы
«Ана тілі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616