Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3279 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 07:47

Елеужан Серімов. Күнәлінің отына күнәсіз күймесін дейік

Бүгінде ғаламтор жүйесінде не айтылмайды дейсің. Әсіресе отандық құқық қорғау қызметтеріне күйе жағып, топырақ шашуды көздеген, орынсыз күстаналаған материалдар жауынқұрттай қаптап кеті. Abai.kz бетінде көпке танымал, кәнігі, кәсіби журналист Дәурен Қуаттың «Аттестация: «милицияның» тілеуі өзгеруі мүмкін бе?» (http://old.abai.kz/content/deuren-kuat-attestatsiya-militsiyanyn-tileui-ozgerui-m-mkin-be) деген мақаласы солардың қатарында. Құқық қорғау саласын аттестаттауға байланысты Дәукең буынсыз жерге пышақ ұрып, мезгілдің іләміне қарай көптен, көштен қалмау мақсатын көздеген сыңайлы. Жығылғанға жұдырық кейпінде... «Ілгерідегі милициядан полициямыздың жалғыз айырмашылығы жемқорлық жолға қойылып, денесін май басқан, көтені ауыр, қарыны қабақтай, беті табақтай, сауаты төмен жігіттер форма киіп алды» дейді Дәукең. Күстаналау емей не? Қалам мэтрі көзін шұқып отырғандар қатарында ұлтымыздың рухани құндылықтарына немқұрайды қарамайтындар басым десем, иланар ма екен? Басы-қасында жүрген бізге аян. Қоғам тынысын еркін бағамдауға бейім, ойы-қаламы үшкір Дәукеңнің бұл ісіне түсінбедік. Журналсит - қоғам барометрі емес пе? Біржақтылық емес, жан-жақтылық тән емес пе оған. Қазірде ел ішінің, қоғамның түсінік-танымында полиция мемлекеттің қол шоқпары деген ұғым түпкілікті қалыптасып қалуына мұрындық болған осы Дәукең сияқтылар-ау шамасы.

Бүгінде ғаламтор жүйесінде не айтылмайды дейсің. Әсіресе отандық құқық қорғау қызметтеріне күйе жағып, топырақ шашуды көздеген, орынсыз күстаналаған материалдар жауынқұрттай қаптап кеті. Abai.kz бетінде көпке танымал, кәнігі, кәсіби журналист Дәурен Қуаттың «Аттестация: «милицияның» тілеуі өзгеруі мүмкін бе?» (http://old.abai.kz/content/deuren-kuat-attestatsiya-militsiyanyn-tileui-ozgerui-m-mkin-be) деген мақаласы солардың қатарында. Құқық қорғау саласын аттестаттауға байланысты Дәукең буынсыз жерге пышақ ұрып, мезгілдің іләміне қарай көптен, көштен қалмау мақсатын көздеген сыңайлы. Жығылғанға жұдырық кейпінде... «Ілгерідегі милициядан полициямыздың жалғыз айырмашылығы жемқорлық жолға қойылып, денесін май басқан, көтені ауыр, қарыны қабақтай, беті табақтай, сауаты төмен жігіттер форма киіп алды» дейді Дәукең. Күстаналау емей не? Қалам мэтрі көзін шұқып отырғандар қатарында ұлтымыздың рухани құндылықтарына немқұрайды қарамайтындар басым десем, иланар ма екен? Басы-қасында жүрген бізге аян. Қоғам тынысын еркін бағамдауға бейім, ойы-қаламы үшкір Дәукеңнің бұл ісіне түсінбедік. Журналсит - қоғам барометрі емес пе? Біржақтылық емес, жан-жақтылық тән емес пе оған. Қазірде ел ішінің, қоғамның түсінік-танымында полиция мемлекеттің қол шоқпары деген ұғым түпкілікті қалыптасып қалуына мұрындық болған осы Дәукең сияқтылар-ау шамасы. Біздің де китель, пагон-бөріктеріміздің астында, Абайша айтқанда, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректеріміз» бар. Әсілінде, тәкаппар уақыттың күш тегеуіріне төтеп берер құқық қорғау қызметінің елдің іргесін бекітіп, қауіпсіздігін арттырудағы мәні орасан зор дер едік. Ішкі істер органдары да замана ыңғайы, дәуір талабы, уақыт нақышына қарай бейімделіп, өзіндік ерекшеліктері, қалыптасқан үрдісі бойынша үнемі өзгеріп, тәжірибе жинақталумен толығып, молығып отырады. Әйтпесе, 1995 жылы 21 желтоқсанда жарық көріп, кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы оған таныс емес пе екен? Қазақстан полициясының дамуындағы жаңа кезеңді айғақтайтын құжат ол. Білмегенге айтайық, ондағы салмағы алабөтен ерекше мәселе - ішкі істер органдарын құқықтық әрі ұйымдық тұрғыдан дамыту бағытында, ішкі істер органдары секілді біртұтас жүйені криминалдық полиция және әкімшілік полиция деп, ара-жігін айыра бөліп, құқық қорғау органына әлемдік тарихта бұрыннан тарихи қалыптасқан полиция деген атауын қайтарып берген жоқ па? Қоғамдағы өзгерістерден туындап отырған жоқ па бұл. Оны айтпағанда, Дәукеңе Ұлттық қауіпсіздік комитеті не, ішкі істер органдары не, криминалдық полиция не, әкімшілік полиция не, олардың қызметтеріне не кіреді, бәрі бір, бәріне бірдей бояу жағады.  
Тағы да қайталайық. Шындықты қанша жасырғанмен тұмсығын көрсетпей қоймайды. 90-жылдары құқық қорғау саласының да, басқа салалар сияқты, арқауы бостау болғаны жасырын емес. Сондықтан да заң шығарушылар конституциялық ережелерге сүйене отырып, ішкі істер органдары қызметінің нормативтік негізін қалыптастыру мақсатында, бұрынғы бір орталыққа бағындырылған қатал кеңестік милиция жүйесін белгілі бір дәрежеде жеңілдетіп, мемлекеттің де, сол сияқты жергілікті өзін өзі басқарудың да мүдделерін үйлестіруге ұмтылды. Осылайша құқықтық реттеу тәжірибесі бойынша ішкі істер органдарын жоғарыдан төменге бағынуға бағытталған криминалдық полиция мен әкімшілік полицияны қажетті деңгейде жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару орындағына бағынышты етіп бөлу қолға алынғантын. Полицияны муниципияландыру ұғымынан тікелей туындаған, ішкі істер органдарының ұйымдық-құқықтық құрылымын орталықтандыру қағидаларын үйлестірілуі осының куәсі. Қоғамдық тәртіп бұзылса, кім араша түспек, қылмыс жасалса, қай сала араласады, мемлекеттік мүддені кім қорғайды, түсін түстеп, ара-жігін айыра біліп айту керек қой. Есерге ерік берсең ойнап жүріп кісі өлтіреді. Оған қарсы тұрар кім? Дәуке, тараздық жас өрен, кеудесін отқа тосқанда, қайда қалдыңыз?
«Мент, прокурор, сот дегендер ібілістің жауынгерлері ғой» дейді пікір білдірушілер. Бұл - Дәукеңнің жемісі. Полицей тап бір азғын ұстында. Жұмсақ тіл қатты тісіңді қиратады. Сөздің дәмін таңдайға татып барып айтса, нәрлі шықпай ма. Әділдік қайда?! Қысылтаяң кезде жүгінерің де, сүйенерің де сол емес пе? Кемел жазушы Кемел Тоқай ғұмыр бойына осыны күйттеп өтті емес пе? Бес саусақ бірдей емес, саусақ саласында да айырмалар бар.
Сот төрелігін ат¬¬¬қа¬руда сот, прокуротура жә¬не¬ тергеу органдары ад¬-ам¬гер¬шілік нормаларын қатаң сақтап, оларды өз¬ орнымен дұрыс қолдана бі¬¬¬луді заң талап етеді. Жасалған қыл¬мысты ашу, қылмыскерді ан¬ық¬тау, оны ұс¬тау, қылмысына қарай әд¬іл жаза тағайындау, қоғам мен¬ адам мүд-делерінің етене қабысқан өзара бірлігінен ту¬ын¬дайды. Осыдан келіп, сот тө¬релігін атқаратын органдар өз өкілеттілігін іс жү¬зінде жүзеге ас¬ы¬ру¬ ба¬-рысында азаматтардың құқықтарын қозғап, белгілі бір¬ тұлғаға мем-лекеттік мәж¬бүрлеу шараларын қолданады. Бірақ, негізсіз емес сіз айтатындай.
Қылмыстық істерді тергеп, сот¬ шешімін шығарғанда, қыл¬мысқа қар-сы¬ кү¬¬рес шараларын қолдануда заң талап¬та¬рына ғана емес, сон¬дай-ақ ад-ам¬гер¬ші¬лік¬ нормаларға да қатаң сәйкес болуы қа¬жет, бас¬қа¬ша айтқанда, сот ор¬ган¬да¬ры¬ ал¬дындағы қызметтік мақсаттар заңды н嬬гізге ала отырып, адам¬гер¬ші¬лік¬ жо¬л¬¬дар¬мен шешімін табуға тиіс. Біздің айтпағымыз осы. «...күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан» деген бар ғой, біздің жүгінеріміз сол. Қайғысын жасырғанның көңілі жұбанбайды, өз ойымды жасырғым келмегені сондықтан. Күнәлінің отына күнәсіз күймесін де.

Елеужан Серімов,
полиция полковнигі

«Абай-ақпарат»

0 пікір