Жұма, 19 Сәуір 2024
4176 3 пікір 13 Мамыр, 2021 сағат 14:57

Ештен кеш жақсы: Рахмон көңіл айтты

Тәжікстан Президенті Қырғызстанмен шекарадағы қанды қақтығыста қаза тапқандардың отбасыларына екі апта өткеннен кейін  көңіл айтты.

12 мамырдағы Рамазан мерекесіне орай жолдауында Эмомали Рахмон: «Мен Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Құдайдан сқайғы жұтқан отбасыларға шыдамдылық таныту үшін барлық күш-қуат беруін сұраймын», деді. Рахмон жарақат алғандардың сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстар 28-29 сәуірде болды. Бірақ 6 мамырда ғана Тәжікстан билігі шекарадағы қақтығыстар кезінде 19 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алғанын растады.

Қырғыз тарапының мәліметінше, 189 қырғыз азаматы жарақат алып, 36 адам, оның ішінде екі бала қаза тапты. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1 және 2 мамырда шекарадағы қақтығыстар құрбандарын еске алып, ұлттық аза тұтты.

Abai.kz

3 пікір