Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 3776 0 пікір 13 Мамыр, 2021 сағат 10:31

Мектеп оқулықтары электронды форматқа көшірілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1-11 сыныптарға арналған барлық электрондық оқулық Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған. Бұл туралы baq.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, электрондық оқулықтар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдардың бірі электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз пайдалану құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс.

"Отандық баспалармен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы  Берік Уәли.

Abai.kz

 

 

0 пікір