Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2932 2 пікір 12 Мамыр, 2021 сағат 13:22

Миллиондаған доллар: Қытай қырғызды жарылқамақ

Қытай Қырғызстан экономикасын қолдау үшін 54 миллион доллар грант бөлетін болды. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір күн бұрын Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың ҚХР-ға ресми сапары аяқталды. Ол ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Именмен екіжақты келіссөздер өткізді. Келіссөз барысында сыртқы істер министрліктерінің басшылары қырғыз-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

«Қырғыз Республикасы мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті ескере отырып, министр Ван И Қытай тарапының қырғыз экономикасын қолдау үшін 350 миллион юань (54 миллион долларға жуық) грант бөлу туралы шешімін  хабарлады», - деді Қырғызстан тарапы. Сонымен қатар 150 мың доза вакцинаны да көмек ретінде бермек.

Abai.kz

2 пікір