Жұма, 19 Сәуір 2024
3134 0 пікір 12 Мамыр, 2021 сағат 13:02

Тәжікстан Тоқаевтың келуіне дайындалып жатыр

11 мамырда Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми Қазақстанның елшісі Асқар Тәжібаевты Душанбеде қабылдады. Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19-20 мамырға жоспарланған Тәжікстанға ресми сапарына дайындық туралы пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі Содик Имомиді Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Abai.kz

0 пікір