Жұма, 19 Сәуір 2024
2662 4 пікір 12 Мамыр, 2021 сағат 12:45

Ресей "Байқоңырдағы" апат үшін өтемақы төлемеген

Қазақстан 2018 жылы «Союз» зымыран тасығышымен болған апат үшін ресейлік тараптан қаржылық өтемақыны әлі алған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Союз-2» зымыран тасығыштарын ұшыру тәртібін анықтайтын келісімді ратификациялауды талқылау кезінде айтылды. 

Ратификациялау құжатын талқылау барысында депутаттар Союз типіндегі зымыран тасығыштардың ұшырылуынан келтірілген зиянды өтеу мәселесіне тоқталды. Олар осыған байланысты келісімдер бұрын болды ма және олар қаншалықты тиімді жұмыс істеуде деген сұрақтарға тоқталған. Мысал ретінде 2018 жылы аталмыш типтегі зымыранның апатқа ұшырап, олан келген зиянды Ресей әлі өтемегені айтылды.

Естеріңізде болса, 2018 жылдың 11 қазанында Халықаралық ғарыш станциясына екі ғарышкерді жеткізуі керек болған «Союз МС-10» ғарыш кемесі «Союз» зымыран тасығышы арқылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін жарылып кеткен еді.

Abai.kz

4 пікір