Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3289 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 08:31

Әйелдер ұнатқан машиналар

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - «Үздік әйелдер көлігі» деген атпен жылда байқау өткізіліп тұратынын екінің бірі біле бермейді.

Қазылар алқасы құрамында әлемнің 12 елінен жетекші 20 журналист қыз-келіншек бар.

Нәзік жандылар көлікті алдымен қолайлылығына, басқару жағынан жеңілділігіне, балаларды алып жүру мүмкіндігіне қарап бағалайды екен. Әрине, машинаның дизайны да назардан тыс қалмайды.

Таяуда олар кезекті байқаудың қорытындысын шығарды.

Сонымен, әйелдерге арналған үздік көлік ретінде кроссовер Rovge Rover көлігі танылды (Айта кету керек, «Үздік ерлер көлігі» байқауында да Evoque «Үздік дизайн» аталымы бойынша алдына қара салдырмаған). Екінші орында - BMW 3,  ал үшінші орында - тағы бір кроссовер Audi Q3 тұр.

«Үздік отбасылық көлік» санаты бойынша - BMW 3, одан кейін - Audi Q3 және Forshe 9116, Jaguar XKR және Mercedes-Benz SL көліктері аталды.

Ал «Үнемді» көлік болып Honda Civic мойындалды. Оның соңын ала Volkswagen up және Ford Fiesta тұр.

«Үздік люкс көлік» аталымында Range Rover Evoque жеңімпаз болды, екінші орында Jaguar XJ, үшіншіде - Audi A6.

Мақала "Нұр Астана" газетінің бүгін, 26 сәуір күні шыққан санында жазылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622