Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3145 0 пікір 26 Сәуір, 2012 сағат 08:30

Құқық қорғау органдарын аттестаттауға қатысты тікелей Қаржы полициясына хабарласуға болады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің www.finpol.kz сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты бөлім ашылды.

Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілер және басқа да құжаттар жинақталған. Сайт арқылы кез келген адам аттестаттауға жататын қызметкерлер туралы толық ақпарат беріп, кезектен тыс аттестаттаудың өту барысы мен нәтижелеріне қатысты материалдармен таныса алады. Бұл шаралар осы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етпек.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» бөлімі арқылы жеке өтініш те беруге болады. Осы айдарға келіп түскен барлық өтініштер Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, сондай-ақ Президент Әкімшілігіне жолданатын болады. Өтініш білдірушілердің аты мен тегі жарияланбайды. Әрбір өтініш тексеріледі және аттестаттау комиссияларының жұмысы барысында ескерілетін болады.

0 пікір