Жұма, 29 Наурыз 2024
7793 6 пікір 11 Мамыр, 2021 сағат 14:32

Трамп ұмытқан аймақты Байден еске алуда

Орталық Азия мемлекеттері үшін үлкен саяси ойын басталып кеткендей. Барлығы да АҚШ билігіне Джо Байденнің келуімен басталды. Байден келе сала Трамп үшін ұмыт қалған аймақты есіне алды. Есіне алды да, C5+1 форматын қайта жандандырайық деп Орталық Азия елдеріне жар салды. 

Байден билігі Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығарып жатыр. Олар 2001 жылы алға қойған мақсаттары толық орындалды деп есептейді. Енді Кабулде қалудың қажеті шамалы. 2021 жылды 11-қыркүйегіне дейін Ауғанстаннан кетеді. Символикалық маңызы бар дата таңдалғаны айтпаса да түсінікті. Ауғанстандағы НАТО жасақтары азайған сайын, Талибан қозғалысы күшейіп келеді. Соңғы бір аптада талибтердің қолынан 470 Ауған сарбаздары қаза тапқан.

Орталық Азияда да "түсініксіз" саяси процесстер басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара маңында үш күн атысты, шабысты. Қақтығысқа су қоймасындағы жанжал себепкер болғанымен, қос тараптан да соғысқа ауыр техника қолдану фактілері тіркелді. Ресми 51, бейресми қаза тапқандар саны жүзден асады. Бұл қақтығыс Орталық Азия мемлекеттері үшін күтпеген жайт болды. Бұған дейін сан мәрте қақтығысса да, дәл осындай қантөгіс фактілері тіркелмеген еді.

Қақтығыс тоқтап, тараптар келіскеннен кейін, Ресей президенті 9-мамыр Жеңіс парадына Тәжікстанның басшысын шақырды. Қырғызстан президенті салтанатты әскери шеруге шақырту алмады. Парад барысында ресейлік арна "Эммануэль" деп тәжік басшысының атын бір шатастырып алды. Әйтіп-бүйтіп парад та бітті. Қос елдің басшысы келіссөздер жүргізіп, онда соңғы қақтығыс мәселесі де талқыланды. Алайда тараптардың қандай келісімге келгені айтылмады.

Бүгін Ресей тарапы Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровты мамыр айының соңында Мәскеуде күтетінін жариялады. Бұл Тәжікстан басшысымен болған келіссөзден кейін кездейсоқ еместігі белгілі. Мәскеу қақтығысты тоқтатып, шекаралық дауды реттеген деген рөлді сомдамақ сыңайлы.

АҚШ бұл саяси процесстерге мұқият қарауда. Орталық Азиядағы оқиғаларға ықпал ету уақыты жақындағанын түсінгендей. Күні кеше әйгілі The Wall Street Journal басылымында АҚШ Тәжікстан мен Өзбекстанда әскери базаларын орналастыруы мүмкіндеген мақала жариялады. Ташкент бұл ақпаратқа ресми жауап берді. "Өзбекстанның әскери доктринасы мен Конституциясы өзге елдің әскери базаларын орналастыруға рұқсат етпейді" деді олар. Ал Тәжікстан бұл хабарды естімегендей кейіп танытты. Тәжікстанда Ресейдің әскери базасы тұр. Ондағы Ресей сарбаздарының саны 7 мыңнан асады, ал базаны жалға беру уақыты 2042 жылға дейін созылған. Сондықтан бұл елге Вашингтонның база қоюы екіталай. Вашингтон қырғыз-тәжік қақтығысының оңтайлы шешілуіне де қол ұшын созғысы келетінін аңғартты.

Байдан Орталық Азияға түрлі бағыт бойынша әрекет жасауға тырысып жатыр. Инвестицияларды арттырды, мемлекеттерді әскери жаттығуға шақыруда. Трамп ұмыт қалдырған аймақ үшін Байден күресетін сыңайлы...

Ка мырза

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3624