Жұма, 26 Сәуір 2024
2925 0 пікір 11 Мамыр, 2021 сағат 13:00

Қытай халқы 10 жылда 72 млнға артқан

2020 жылы Қытай халқының саны 0,83%-ға артып, 1,41178 млрд адамды құрады. 2010 жылдан бері халық саны он жыл ішінде 72 млнға артқан. Бұл туралы Қытайдың статистика  комитеті хабарлады. 

Қытай тарихындағы жетінші халық санағы 2020 жылдың 1-қараша мен 10-желтоқсан аралығында өтті.

Санақ бойынша Қытайда 723,34 млн еркек және 688,44 млн әйел адам тұрады. Қытайдың қалалық жерінде  63,89% адам тұрақтаған. Бұл 2010 жылғы қала халқымен салыстырғанда 14,21%-ға көп. Ұлттық азшылықтар саны 8,89% құрайды.

Abai.kz

0 пікір